Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет159/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   210
Байланысты:
boribaev-algoritmdeu

    Бұл бет үшін навигация:
  • FILEPOS(<
EOF(<файл аты>) – end of fіle «файлдың соңы» функциясы, ол аты көрсетілген файлдың (мысалы, F) ең соңына жеткеніміздің көрсеткіші болады. Егер файл көрсеткіші оның ең соңында тұрса, яғни ең соңғы компонент пайдаланылған болса, EOF логика-лық функциясының мəні – true, ал файл соңына жетпесек, false болады.


262

EOLN(<файл аты>) – мəтіндік файлдағы бір жолдың, яғни қатардың соңын анықтайтын функция. Жолдың соңына жетсек, оның мəні – TRUE, əйтпесе FALSE болады.
FILEPOS(<файл аты>) – файлдың ағымдағы жазбасы-ның (компонентінің) нөмірін анықтау функциясы. Мысалы, FІLEPOS(F) – F файлының көрсеткішінің нөмірін анықтайды.
FILESIZE(<файл аты>) – файлдың көлемін, яғни ондағы компоненттер санын анықтайтын функция. FІLESІZE(F) – ағымдағы F файлының көлемін, яғни ондағы компоненттер са-нын анықтайды.
Жұмыс істеу барысында файлды қолданбастан бұрын ASSІGN процедурасы арқылы оған белгілі бір айнымалы түрінде ат беріледі. Файлға мəлімет жазбастан немесе одан оқымастан бұрын міндетті түрде оны REWRІTE немесе RESET проце-дуралары арқылы құру немесе ашу қажет. Бұл процедуралар-мен жұмыс істеудің нəтижесінде файлдың көрсеткіші оның бірінші компонентіне орналасады, яғни FІLEPOS(F)=0. Дискілік файлдың көлемін тек оның соңына компонент қосу жолымен ғана кеңейтуге болады. Көрсеткішті файлдың соңына қарай SEEK(F, FІLESІZE(F)) процедурасының көмегімен жылжытуға бола-ды. Файлмен жұмыс істеп болғаннан кейін оны міндетті түрде CLOSE процедурасымен жабу керек.
Турбо Паскаль файлдары
Турбо Паскаль тілінде файл бір типке жататын компоненттер тізбегі ретінде анықталады, олар: жазбалар файлы, бүтін сандар файлы, сөз тіркестері файлы жəне т.с.с. Файлдың мəліметтердің басқа құрылымдық типтерімен салыстырып қарағандағы ерекшелігі – оның кез келген сəтте тек бір ғана компонентіне қол жеткізуге болатындығы жатады. Файл компоненттерінің саны алдын ала анықталмайды. Компьютердің сыртқы жадында орналасқан файл көлемінің ең үлкен (максимальды) шамасы тек есептеу жүйесінің техникалық мүмкіндіктерімен ғана шектеледі.
Жалпы дискілік файлдар жəне логикалық құрылғылар пайда-ланылады.
Дискілік файл компьютердің сыртқы жадының, мысалы, дискеттің немесе винчестердің белгілі бір ат қойылған аймағы болып табылады. Файлдармен орындалатын енгізу-шығару опе-


263

рациялары, физикалық тұрғыдан алғанда, арнайы буферді пайда-ланады. Мысалы, файлға жазылатын мəліметтер алдымен буфер-ге орналасады да, ол толған кезде барып файлға жазылады. Ал файлдан оқылған жазбалар да алдымен буферге орналасады да, кейіннен сол буферден алынып пайдаланылады. Буферді пайдала-ну – файлдармен орындалатын енгізу-шығару операцияларының жылдамдығын əжептеуір арттыруға мүмкіндік береді, өйткені жай жұмыс істейтін дискімен бір рет мəлімет алмасу орнына буфермен оншақты рет мəлімет алмасу (оқу/жазу) операциясын орындауға болады. Дискілік файлдағы мəліметтерді тек тізбекті түрде біртіндеп оқымай, керекті мəліметті оның көрсетілген нөмірі бойынша кез келген жерінен ала беруге болады.
Дисплей, пернетақта, т.б. негізгі енгізу-шығару құрылғы-ларымен ақпарат алмасу кезінде логикалық құрылғылар пайда-ланылады. Логикалық құрылғылардың стандартты аттары бар, олар:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет