ERASE(<файл аты>) – файлды өшіру процедурасы. Ашылған файл бұған дейін жабылуы тиіс. Мысалы, ERASE(F) процедура-сы дискідегі F файлын өшіреді. Өшірместен бұрын ол файлды жабу керек.
RENAME(<ескі файл аты>, <жаңа файл аты>) – файл атын өзгерту процедурасы. Файл жабылған соң қолданылады.
IORESULT – соңғы енгізу-шығару операциясының шартты белгісін қайтару функциясы. Егер операция дұрыс аяқталса, функ-ция нөл мəнін қайтарады. Бұл функция енгізу-шығару қателерін автоматты түрде бақылауды алып тастағанда ғана жұмыс істейді. Компилятордың {$I-} директивасы оны алып тастайды, ал {$I+} – қателерді автобақылау амалын іске қосады. Егер автобақылау іске қосылмай тұрғанда, енгізу-шығару операциясы қате шығуына себепші болса, онда қате жалаушасы орнатылады да, одан кейінгі барлық енгізу-шығару операциялары IORESULTфункциясы шақырылмағанша, орындалмайды.