Арифметикалық константалар бүтін жəне нақты сандық мəліметтерді бейнелеу үшін қажет.
Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 жəне т.с.с. Разрядтылығы 16биттен тұратын дербес ЭЕМ-дер үшін қолданылатын бүтін сан-дар (ағылшынша ІNTEGER) -32768 бен +32767 аралығында ғана жазылады, бұдан үлкен сандар нақты сандарға айналдырылады.
Паскаль тілінде ондық жəне он алтылық бүтін сандар пайда-ланылады. Он алтылық сандардың алдына $ белгісі қойылады. Мысалы, $ABC немесе $8B2.
Нақты константаларды жазудың бекітілген нүкте арқылы жəне экспоненциальды (жылжымалы нүкте арқылы) түрлері бар. Бекітілген нүкте арқылы жазылған санның бүтіні мен бөлшегі нүкте арқылы бөлініп тұрады, ал экспоненциал сан орталарында
əрпі орналасқан мантисса мен дəрежеден тұрады.
}<дəреже><мантисса>Е{
Бекітілген нүкте арқылы нақты сандар кəдімгі табиғи аралассандар тəрізді санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазылады. Мысалы: 2.65, 0.5, -0.862, -6.0. Ал өте үлкен не-месе өте кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар ретінде жазылады да, олардың диапазоны əлдеқайда кең болады. Мысалы:
Кəдімгі жазылуы
Паскаль тілінде
жазылуы
145
145
1F
$1F
147,125
147.125
-6,045
-6.045
12×1014
12Е+14
0,52×104
0.52Е4
5,2×10-12
5.2Е-12
-45×106
- 45Е6
4–1618 49
Турбо Паскаль тіліндегі константалар типтері мен олардың өзгеру диапазондары, компьютер жадында алатын орындары 3.1-кестеде көрсетілген.
Паскаль ортасында бірнеше атаулары бекітілген константалар бар, оларды жарияламай-ақ пайдалана беруге болады, олар: