Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет17/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   203
Қазіргі кезде жоғары білімнің даму тенденциялары 
Әлем  елдеріндегі  білім  берудің  даму  мәселелеріне  арналған 
кӛптеген  зерттеулердің  нәтижелері  әлемдегі  жоғары  білім  берудің 
даму заңдылықтарын бӛлуге мүмкіндік береді.  
Бірінші заңдылығы – жоғары білімнің жалпылығының күшеюі. 
Жиырмасыншы  ғасырдың  соңғы  қырық  жылында  бүкіл  әлемде 
студенттердің санының едәуір ӛсуі байқалды:  
Екінші  заңдылығы  –  жоғары  білім  берудің  жһандануы. 
«Жоғары 
білім 
берудің 
жаһандануы» 
термині 
қазіргі 
педагогиканың  жаһандану  мәселелерімен  байланысты  ұғымдық-
терминологиялық  аппаратында  пайда  болды,  ол  ХХ  ғасырдың 
үшінші  жартысында  әлемдік  әлеуметтік  мәдени  мәселесінде 


 
46 
алғашқы  орынға  шығып,  адамзат  құндылықтарының  шкалаларын 
қайта құруға бастау болды.  
Жаһандану тенденциясы ғылымға да ӛзгеріс енгізбей қоймады. 
Зерттеушелірдің  белгілеуінше,  дифференциалды  білімдердің 
күрделі  ӛзара  әрекеттесетін  ғылыми  жүйеге  бірігуін  белгілейді,  ал 
болашақта жеке ғылымдардың синтезі В.И.Вернадскийдің «бірегей 
ғаламдық ғылым» туралы ойы жүзеге асады.  
Жаһандану  шынайы  құбылыс  ретінде  білім  беруде  кӛрініс 
таппай  қоймады,  Кәсіби  білім  беруде  кӛбіне  оның  жаратылыстану 
ғылыми  және  арнайы  кәсіби  білім  аксиологиясы,  кәсіби  білім 
экологизациясы,  маманның  биосфералық  жауапкершілігі  және  т.б. 
кӛріністерін  белгілейді.  Білім  берудегі  жаһандану  тенденциясын 
қарастырғанда  мультимәдениетті  білім  беру  тұырымдамасы  ӛзекті 
орын  алады,  оның  аясында  білім  берудің  мазмұнының 
интеграциясы  жүзеге  асырылады,  Білім  берудің  барлық  ұлттық 
жүйелері  ӛзінің  ішкі  міндеттерін  шеше  отырып,  жалпы  мәдени 
кеңістікті  мультимәдениет,  ӛзара  байытылған  кеңістік  ретінде 
құрайды. 
Зерттеушілер  белгілегендей,  қазіргі  таңда  кӛпдеңгейлі 
ағылшын  саксон  білім  беру  жүйесінің  әлемдік  экпансиясы  және 
жаһандық  білім  беру  мегажүйелері  байқалады.  Бірқатар 
зерттеушілер бұл тенденцияны жоғары білімнің «вестернизациясы» 
деп атайды.  
Ҥшінші 
заңдылық 
– 
білім 
берудің 
ашықтығы 
мен 
вариативтілігінің  күшеюі.  Қазметтердің  барлық  салаларындағы 
жүріп  жатқан  жаһандану  үрдістері,  телекоммуникацияның  мықты 
құралдарының  дамуы  жоғары  білім  берудің  әр  түрлі  форматтағы 
ресурстарға: қашықтан оқыту, экстернат, кешкі білім беру және т.б. 
қол жеткізуге жағдай жасады.  
Тӛртінші заңдылық – жоғары білім берудің диверсификациясы. 
Жоғары  мектептің  дамуы  қазіргі  даму  кезеңі  үшін  білім  берудің 
модельдерінің  кӛптүрлілігінің  артуы  тән.  Бұл  әлемдегі  жоғары 
білім  беру  жүйесі  қызметінің  түрлі  аспектілеріне  қатысты.  Бұл 
жоғары  мектептің  мекемелерінің  түрлерінің  алуан  түрлілігі 
(нормативтік-құқықтық  мәртебе,  меншік  формалары  және  т.б.) 
және 
студенттердің 
«білім 
беру 
маршруттарының» 
диверсификациясы (күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтан; экстернат, 
«виртуалды колледждер»; элективті курстар және т.б.).    


 
47 
Қарастырып отырған заңдылықтың жеке кӛрінісі ретінде білім 
беру  үрдісінің  жекеленуін  жатқызуға  болады,  оның  деңгейі 
студенттің  оқу  үрдісінің  ұйымдастыру  формасын,  оқу  курсын, 
оқытушыны,  оқу  уақыты  мен  орнын,  оқыту  технологияларын,  оқу 
материалдарын  және  т.б.  таңдаудағы  «еркіндік  деңгейінің» 
санымен анықталады.  
Білім  беру  мазмұны  саласында  бұл  заңдылық  мазмұн 
плюрализациясы  ретінде  кӛрініс  табады:  әр  түрлі  кӛзқарастар 
жағдайында  түрлі  реакциялардың  кӛрінуі  және  салыстырылуы, 
консенсусты  іздеу  және  оның  негізінде  сыни  тұрғыдан  ойлауды 
және т.б.дамыту.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет