Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет33/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   203
Нормативтік  мемлекеттік  мақсаттар  –  бұл  үкімет 
құжаттарында, 
мемлекеттік 
білім 
беру 
стандарттарында 
анықталатын жалпы мақсаттар. Сонымен бірге қоғамдық мақсаттар 
орын  алады.  Олар  қоғамның  түрлі  топтарының  қажеттіліктері  мен 
қызығушылықтарын және кәсіби даярлық жӛніндегі сұраныстарды 
бейнелейтін  мақсаттар.  Мәселен,  олардың  ерекше  мақсаттарға 
жұмыс  берушілердің  мақсаттары  жатады.  Бұл  сұраныстарды 
оқытушылар  ескеріп,  мамандандырудың  түрлерін,  оқытудың  түрлі 
концепцияларын тудырады.  
Бастамашыл  мақсаттар  –  бұл  оқу  орнының  түрін, 
мамандандыру  саласы  мен  оқу  пәнін,  студенттердің  даму  деңгейі 
мен  педаггтардың  даярлығын  ескере  отырып,  педагог-практиктер 
мен студенттердің ӛздері жасайтын тікелей мақсаттар.  


 
81 
Қорытынды  мақсаттар  жиынтығы  –  оқу  соңында  маманнан 
шешуді  қажет  ететін  міндеттер  тізімі,  маман  модельдері 
(профильдері) деп атқа ие болды.  
Маман  моделі  ӛзінен  ӛзі  психолого-педагогикалық  модель 
болып  табылмайды.  Оның  мазмұнының  негізіне  қандай    да  бір 
қызмет  атқаратын  қызметкерге  қойылатын  талаптар  жүйесінде 
тіркелетін  біліктілік  сипаттамалары  жатады.    Онда  берілген 
қызметтегі  тағайындау,  қызметкердің  қызметінің  негізгі  сипаты, 
оның  не  білу,  істей  алу  керектігі,  қандай  тұлғалық  қасиеттерінің 
болу керектігі тізбектеліп кӛрініс табады.  
Маман  моделінен  оны  даярлау  моделіне  кӛшудің  бірінші 
қадамы болашақ кәсіби қызметінің ол шешуі тиіс типтік міндеттері 
бӛлу  және  толық  бейнелеуді  қажет  етеді.  Типтік  міндеттер 
иерархияны  құрайды,  ол  бір  уақытта  жоғары  білім  берудің 
мақсаттарының иерархиясын құрайды.  
1. Бұл сатылықтың жоғарғысын – нақты мамандықтан немесе 
ӛмір сҥріп жатқан елінен тәуелсіз барлық мамандар шеше алатын 
міндеттер құрайды. Олар осы тарихи дәуірдің сипатын анықтайды 
және ғасырдың міндеттері деп шартты түрде аталуы мүмкін. Қазіргі 
уақытта бұл міндеттерге  мыналарды жатқызуға болады:   
Экологиялық  міндеттер  (адамдардың  ӛндірістік  және  басқа 
әрекетінің табиғатқа кері әсерін азайту және т.б.) 
Ҥздіксіз жоғары білім беруден кейінгі міндеттер (тиімді іздеу, 
ақпаратты  талдау  және  сақтау,  оларды  кәсіби  мәселелерді  шешуге 
қосу және т.б.) 
Қазіргі  қызметтердің  кӛпшілігінің  ҧжымжық  сипатынан 
шығатын  міндеттер  (ұжымның  басқа  мүшелерімен  байланыс 
орнату,  біріккен  іс-әрекетті  жоспарлау  және  ұйымдастыру, 
жұмыстардың  нәтижелерін  болжауда  «адами  факторды»  ескеру 
және т.б.)  
2.  Екінші  деңгей  –  берілген  мемлекетке  бағытталған  арнайы 
міндеттер. Біздің елімізде қазір нарықтық қатынастарды дамытуға 
байланысты  міндеттер  ӛзектілікке  ие  (жобаларды  экономикалық 
негіздеу,  сенімді  серіктестер  мен  қаржылық  кӛздерді  іздеу,  шетел 
нарығына шығу және т.б.)  
Маңыздылығы  жағынан  тағы  бір  міндеттер  ҧлтаралық  қарым 
қатынас  мәселелерімен  байланысты  (ұлттық  дәстүрлер  мен 
салттарлы ескеру, ұлттық сезімдерге құрметпен қарау, ұлтшылдық 
пен  шовинизмнің  кез  келген  кӛрінісіне  бара-бар  қарау).  Ең 


 
82 
соңғысы, қазіргі маман демократия, ашықтық, және діни тӛзімділік 
жағдайында  ӛндірістік,  басқару  және  экономикалық  міндеттерді 
шеше алу қажет.  
3. Үшінші деңгей  -  кәсіби  міндеттер; ол  шешілетін міндеттер 
кӛлемі мен түрлері бойынша ең ауқымдысы болып табылады.  
Жалпылай  түрде  бұл  міндеттер  кез  келген  мамандық  үшін  үш 
түрге бӛлінеді:  

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет