Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет34/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   203
Зерттеуші міндеттер (білімнің сол немесе басқа саласында 
зерттеушілік іс-әрекетті жоспарлау және жүргізуді іскерлігін талап 
етеді);  

 
Практикалық міндеттер (болашақ кәсіби қызметінде нақты 
нәтиже алуға бағытталады) 

 
Педагогикалық  міндеттер  (сәйкес  пәннен  оқу  орнында  не 
ӛндірістік оқыту жағдайында сабақ беру). 
Үшінші  деңгейдің  міндеттерінің  әрқайсысын  суреттеу  үшін 
арнайы кәсіби білімді талап етеді.  
Міндеттердің  барлық  түрлерін  талдау  және  қайталанатын 
элементтерді  алып  тастау  негізінде  маман  қызметінің  моделі 
құрылады.  Бірақ,  егер  студенттерді  осы  модельге  бағдарлап 
даярласа, онда ЖОО бітірер кезде бұл модель ескіріп қалады.  
Міндеттер  сипатының  ӛзгеру  тенденциясын  анықтау  және 
маман  қызметінің  болжамды  моделін  құру  бойынша  ӛте  күрделі 
жұмыстарды  жүргізу  қажеттілігі  туындайды.  Ол  жоғары  білікті 
мамандардың  қатысуымен  арнайы  зерттеулерді  талап  етеді. 
Сондықтанда  тек  болжамды  модель  негізінде  маман  даярлаудың 
моделін  ӛңдеуге  батыл  кірісуге  болады.  Соңғысы  толық  дайын 
болған 
кезде 
оқу 
жоспарына 
және 
жеке 
пәндердің 
бағдарламаларына енгізіледі.  
Педагогтің кәсібі қызметінің сапасы мәселелерін, кәсібилілігін, 
педагогикалық  қабілеттері  мен  педагогқа  қойлатың  талаптарды 
зерттей  отырып,  белгілі  рессейлік  ғалым  И.В.  Кузьмина  еңбектің 
нәтижелілігіне  әсер  ететін  педагогикалық  қызметкерлердің 
маңызды  сипаттамасы  қатарына  олардың  кәсіби  құзыреттіліктерін 
жатқызады.  
Педагогикалық  құзыреттіліктің  негізгі  элементтері  ретінде  ол 
мыналарды  бӛліп  қарастырады:  оқытылатын  пән  саласындағы 
арнайы  құзыреттілік;  білім  алушылардың  білім,  білік,  дағдыларын 
қалыптастыру  тәсілердері  саласындағы  әдістемелік  құзыреттілік; 
оқыту  сферасындағы  психолого-педагогикалық  құзыреттілік; 


 
83 
мотивтер,  қабілеттер  және  оқушылардың  бағыттары  саласындағы 
дифференциалды-педагогикалық 
құзыреттілік 
және 
аутопсихологиялық құзыреттілік.  
Арнайы  қҧзыреттілік  біліктіліктен  және  пәнінінің,  оқытуды 
жүргізілетін 
мамандық 
 
саласындағы 
ӛндірістік 
қызмет 
тәжирибесінен:  нақты  ӛндіріспен  байланысты  техникалық, 
шыгармашылық  міндеттерді  шеше  білуден  тұрады.  Әдістемелік 
құзыреттілік оқытудың әр алуан әдістерін игеруден, дидактикалық 
әдістерін  білуден  және  оны  оқу  үрдісінде  қолдана  білу, 
психологиялық  механизмдерді  біліп,  оқу  үрдісінде  білім  мен 
дағдыны меңгеруден құралған.  
Психолого-педагогикалық 
қҧзыреттілік 
педагогикалық 
диагностиканы  игеруден,  оқушылармен  педагогикалық  мақсатты 
қарым-қатынас 
құра 
білуден, 
педагогикалык 
диагностика 
нәтижелері 
негізінде 
жеке 
жұмыстарды 
жүзеге 
асыру: 
жасерекшелік  психологиясын,  тұлға  аралық  және  педагогикалық 
қарым-қатынас  психологиясын  білу,  оқушылардың  таңдаған 
кәсіптеріне,  беретін  пәндеріне    деген  қызығушылықтарын  оята  
білуден құралған.  
Дифференциальды-психологиялық 
 
қҧзыреттілік 
жеке 
ерекшеліктерді  анықтай  білуден,  оқушылардың  бағытталуынан, 
адамдардың  эмоциялық  жай-күйін  анықтаудан,  жетекшілермен, 
әріптестер және оқушылармен сауатты ӛзара қарым-қатынас орната 
білуден  тұрады.  Аутопсихологиялық  құзыреттілік  ӛзіндік  қызмет 
деңгейін,  ӛзіндік  қабілеттерді  тани  білуден:  кәсіби  ӛзін-ӛзі 
жетілдіру  тәсілдері  жӛнінде  білуден:  ӛз  жұмысындағы,  ӛзіндегі  
кемшіліктердің  себеп-салдарын  кӛре  білуден,  ӛзін-ӛзі  жетілдіру 
ниетінен тұрады. 
Кәсіби  құзыреттілік  ӛз  құрылымында:  қабілеттер  (кәсіби 
қызметке  жалпы  және  жеке);  тұлға  сапасы  (жеке  тұлғалық  және 
кәсіби-педагогикалық); қызметке дайын болу, психофизиологиялық 
дайындық  және  білім,  білік  және  дағды  (пәндік,  психолого-
педагогикалық,  басқарушылық)  секілді  тәжірибе  компоненттері 
білім ретінде карастырылады. Ӛзін кәсіби маман және тұлға ретінде 
тану  манызды  компонент  болып  табылады.  Кәсіби  құзыреттілік 
маманның  біліктілігін  кӛтеру  үрдісінің  жүйе  қалыптастыру 
категориясы және ӛзін-ӛзі дамытуы ретінде кӛрінеді. 
Кәсіби  құзыреттілік  түсіндірмесіне  ықпалдардың  әр  түрлілігі, 
аталмыш 
ұғым 
анықтамасының 
динамикалы 
және 


 
84 
кӛптармақтылығымен  түсіндіріледі.  Бұл  ұғымның  мағынасы 
қоғамда,  білімде,  ғылымда  болып  жатқан  ӛзгерістерге  сәйкес 
әртүрлі кӛзқарастар шеңберінде қарастырылады.  
Болашақ  педагогтің  кәсіби  құзыреттілігі  педагогикалық 
процесс  барысында  қалыпьасады.  Педагогикалық  процесс  барлық 
оқу  орындарында  іс-әрекеттің  негізгі  ӛзегі  болып  табылады. 
Жоғары  оқу  орындағы  педагогикалық  процестің  құрылымды 
компоненттері:  ішкі  ӛзгерістерге,  біліктілікке,  тәрбиелікке, 
құлықтық, интеллектуалды, эмоционалды және болашақ педагогтің 
ӛз кәсібилігін кӛтеру. 
Жоғары мектеп педагогикасының нақты қызметіне бағытталып 
барлық  компоненттері  ӛзгеріп  отырады.  Педагогикалық  үрдіс 
келесі қызмет атқарады:  

 
білімділік – студенттің білімділігін кӛтеру;  

 
тәрбиелеушілік  –  құндылықтар,  идеалдар,  тұлғалық 
қасиеттерінің дамытылуы; 

 
дамытушылық  –  тұлғаның  түрлі  сферасының  дамуы: 
эмоционалды-ерікті, сенсорлы-интеллектуалды

 
әдістемелік – форманың, әдістің, құралдың таңдалуы студент 
пен оқытушы арасындағы іс-әрекетті, педагогикалық үрдісті 
қалыптастырады; 

 
талдау-нәтижелік  –  жаңа  міндеттерді  ӛндеу,  қорытынды 
шығару, педагогикалық үрдіс  ӛнімділігін талдау; 

 
кәсібилік  –  барлық  педагогикалық  үрдіс  компанентін 
біріктіру,  болашақ  мұғалімнің,  маманның  кәсіби    білімін 
кӛтеру;  
Педагогикалық 
ӛзара 
әрекеттесу 
Ю.К.Бабанскийдің, 
З.И.Васильевтің,  Т.И.  Мальковскийдің,  В.А.Сластенин  тұжырымы 
бойынша ӛзара белсенділікті білдіреді:  

 
педагогикалық әсер; 

 
педагогикалық әсерін белсенді қабылдау;  

 
ақпаратты ұғыну;  

 
студенттің  ӛзінің  белсенділігі  және  оның  ӛз-ӛзіне  және 
оқытушыға әсері. 
Педагогикалық  ӛзара  әрекет  кезінде  субъект  арасында  түрлі 
байланыс 
орнатылады, 
ақпараттың 
коммуникативті, 
психологиялық,  методологиялық,  ұйымдастырушылық  және 
басқарушылық, 
ӛзін-ӛзі 
басқарушылық. 
Ӛзара 
әрекет 


 
85 
педагогикалық  процесте  жүзеге  асырылады.  Сондықтанда 
педагогикалық  процесті  талдау  оның  кезеңдерін  анықтауға 
мүмкіндік береді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет