Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


  Педагогикалық  пәндердің  ықпалдастырылуы,  олардың



Pdf көрінісі
бет42/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   203
 
3.  Педагогикалық  пәндердің  ықпалдастырылуы,  олардың 
тҥрлері мен нҧсқалары. Педагогикадағы оқытуды қарқындату 
ҥрдісі. 
Қазiргi  кезде  ғылыми  бiлiмнiң  басты  тармақтарының  бiрлiгiн 
нығайту  шешiмi  қоғамдық  дамудың  қажеттiлiгiнен  күн  тәртiбiне 
қойылып 
отырған 
проблемалардың 
кешендiк 
сипатымен 
қамтамасыз етiлген. Ғылымдардың үйлесiмдi дамуының ӛзара әсерi 
нығаймайынша,  қазiргi  адамзат  алдында  тұрған  әлеуметтiк-
экономикалық мiндеттердi шешу мүмкiн емес деуге болады. 
Ғылымдар  саласы  арасында  қалыптасқан  кедергiлердi  жою 
зерттелетiн 
объектiлерге 
жан-жақты 
бiртұтас 
кӛзқарасты 
қалыптастыру үшiн, ойлаудың диалектикалық тәсiлiнiң объективтiк 


 
98 
шындықтың  құбылыстары  мен  процестерiнiң  жалпы  байланысына 
бағытталуы  үшiн,  объектiлер  жӛнiнде  синтетикалық  бiлiмдер  алу 
және  пәндер  арасында  қалыптасып  қалған  шекараларды  жоятын 
кӛлемдi теориялық қорытынды жасау үшiн қажет болады. 
Әдiснамалық  тұрғыдан  ғылымдардың  ықпалдастыру  үрдісiнiң 
түсiнiгiн дұрыс бермеу, оқытуды тұтасымен жолға қоюда ӛз әсерiн 
тигiзедi.  Бұл  жағдай  кейбiр  шетелдердiң  педагогикалық 
практикасында  байқалуда.  Оларда  мынадай  пiкiр  қалыптасқан, 
«интеграция» үрдісiнiң жүзеге асырылуының нәтижесiнде  қазiрдiң 
ӛзiнде  оқу  пәндерiнiң  жеке  ғылым  негiзi  ретiндегi  сапалық 
ӛзгешелiгi де жойылып кетуi керек деп есептейдi. 
Қазiргi  ғылымдағы  интеграция  формасын  жiктеуде  едәуiр 
алшақтықтың  болуына  қарамастан,  кӛптеген  авторлар  ғылыми 
танымның  пәнаралықтығы  ең  маңызды  және  болашағы  бар  деген 
бiрыңғай пiкiрдi қолдайды.  
Ғылымның  пайда  болуының  ӛзi  танымның  дамуындағы 
интеграциялық  процестермен  тiкелей  байланыста,  былайша 
айтқанда,  ғылым  –  интеграцияның  жемiсi.  Ал  даму  мен 
интеграцияның  қозғаушы  күшi  болып  табылатын  қоғамдық 
ӛзгерiстер интеграцияны қажет ететiн факторлар.  
Ғылыми  бiлiмнiң  бүкiл 
эволюциясы  бойына  ғылым 
дифференциация  және  интеграция  процестерiнiң  бiрлiгiнде  дамып 
отырды.  Әрине,  бұл  процестердiң  арақатынасы  мен  маңыздылығы 
ғылым дамуының әртүрлi кезеңдерiнде  мәндi ӛзгерiстерге ұшырап 
отырды, 
соңғысының 
қоғамдық 
ӛндiрiстiк 
практикамен, 
техниканың  және  дүниетанымның  дамуымен,  дiни  және 
идеологиялық институттармен, сол сияқты, ең бастысы ғылымның 
ӛзiнiң  дамуының  iшкi  логикасымен,  ӛз  арақатынасымен 
айқындалып отырды. 
Интеграция  осы  жағынан  зор  мүмкiндiктердi  ашады,  себебi 
қосымша  мүмкiншiлiктердi  алу  арқылы  жаңа  қорытындылар 
алынады,  ғылымдардың  ӛзара  байланысынан  жаңа  сапалық 
ӛзгерiстер  ашылады.  Ғылымдар  интеграциясы  мен  ғылыми 
бiлiмдердiң  синтезi  жаңа  қорытындыларға  әкеледi.  Жаңа 
компоненттер  ашылады,  және  осының  бәрi  барлық  жүйенiң 
экстенсивтi  дамуынсыз  жүзеге  асырылады.  «Ғылыми  бiлiм 
дифференциациясы  мен  интеграциясының  бiлiм  беруде,  оның 
мазмұндық  және  қызметтiк  үрдiсiнде  кӛрiнiс  табады.  Білім  беру 
мекемелеріндегі 
бiлiм 
негiздерiнiң 
пәнге 
бӛлiнуi 
– 


 
99 
дифференциацияның  салдары.  Бiлiм  беруде  интеграцияның 
қолданылуымен  байланысты  интегративтiк  тақырыптар,  курстар, 
интегративтi сабақтары пайда болды». 
Интеграция  мен  дифференциация  –  бiлiмнiң  тиiмдiлiгiн 
арттырудың әртүрлi әдiстерi. Сондықтан интеграциялық үрдiстердi 
бiлiм беру, тәрбиелеу, оқу процестерiндегi құнды заңдылық болып 
табылады.  Бұл  ой  қорытындысын  «бiлiм  –  адамдардың  қоғамдағы 
материалдық және рухани iс- әрекеттерiнiң ӛнiмi; дүниенiң нысана 
қасиеттерi  мен  байланысының,  табиғилық  пен  адамилықтың 
таңбалық  түрде  идеал  бейнеленуi»  деген  анықтамадан  да  кӛремiз. 
Басқаша  айтқанда,  бiлiм  –ойдың  жиынтығы,  адамның  дүниеге 
қатынасы. Танымдық  жүйенiң элементтерiн анықтай отырып,  сана 
олардың  арасындағы  байланысты  да  табады.  Таным  үрдiсiнде 
танылушы  нысананы  бӛлу  ғана  емес,  синтездеу  де  iске  асады. 
Интеграция бiлiмнiң жинақталуы мен толығуына жеткiзедi. 
Жинақтау  дегенiмiз  философияда  жекеден  жалпыға,  жартылай 
жалпылықтан  толық  жалпылыққа  ӛтудiң  логикалық  үрдiсi  деп 
анықталады.  Жинақталған  бiлiм  алу  –  дүниенi  барынша  терең 
бейнелеудi  бiлдiредi.  Жинақтау  процесс  ретiнде  интеграциямен 
барабар,  бiрақ  интеграция  қашанда  жаңа  сапаның  пайда  болуын 
талап етедi. Осыған байланысты интеграция ғылыми бiлiмдi үнемдi 
беруге, тез қабылдауға, сақтауға, тарату мен iс жүзiнде пайдалануға 
мүмкiндiк бередi. 
Негiзiнен барлық зерттеушiлер мына пiкiрге келедi: интеграция 
да,  дифферернциация  да  бiртұтас  таным  процесiнiң  екi  жағы 
сияқты  объективтiк  категориялар  және  оларды  ӛзара  байланыста 
қарастыру  керек;  бiр  жағын  дамыта  отырып,  екiншiсi  де 
қозғалыста, дамуда болатындығын ұмытпау керек. 
Қазiргi  интегративтiк  ғылымдарды  жинақтау  мен  құрудың 
негiзiнде  объектiлердiң  материалдық  табиғатының  ұқсастығы  ғана 
емес,  олардың  кейбiр  қасиеттерiнiң  ұқсастығы  бойынша 
анықталатын  iшкi  қызметi  және  сыртқы  құрылымының  ұқсастығы 
жатыр. Қазiргi барынша жалпы интегративтiк ғылым – педагогика – 
ол қандай оқу орны екендігіне қарамастан тұлғаны тәрбиелеу, білім 
беру, оқыту, дамыту, әлеуметтендіру процестерiне тән заңдылықтар 
жӛнiндегi ғылым. 
Интеграция – қандай да бiр жекелеген элементтердiң бiр тұтас 
болып  бiрiгуi,  қандай  да  бiр  бiрлiктiң  қайта  құрылуы.  Интеграция 
принципi  бiлiм  берудегi  интеграция  ұғымымен  берiледi. 


 
100 
Интеграция  ұғымы  iс-әрекет  принципiн,  шын  мәнiндегi  бiлiм  беру 
процесiн бейнелейдi.  
Сонымен, интеграция – бiрiгу, ортақ ойлау бағытын табу және 
оны  мазмұны  жағынан  толықтыру.  Интеграцияның  нысанасы 
дүниенi  тануға  тұтастық  беретiн  дүниеге  ортақ  кӛзқарас.  Оқу 
процесiнiң  тұтастығы  адамның  дүниеге  қарым-қатынасын 
анықтайды.  Бұл  мәселенi  жоғарғы  оқу  орнының  оқыту  процесiнде 
есепке алу қажет екендiгi белгiлi. 
Ғылыми  әдебиеттерде  осы  күнге  дейiн  «интеграция»  ұғымы 
туралы түсiнiк болмаған едi. Интеграция терминi әдебиеттерде ХIХ 
ғ.  бастап  кездеседi  және  анықтамалық  әдебиеттерде  бiрiгу,  қайта 
құрылу, толығу ретiнде түсiндiрiледi. Оның осылайша түсiндiрiлуi, 
бұл  терминнiң  адамзат  бiлiмiнiң  басқа  да  әртүрлi  аймақтарында 
барынша  кең  қолданыс  табуын  кӛздейдi.  Тек,  1993  ж.  ЮНЕСКО 
сессиясында интеграция ұғымының жұмыстық анықтамасы берiлдi. 
Интеграция ұғымын «ӛзара органикалық байланыстағы бiлiмдердiң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет