Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет40/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   203
Тҥсініктілік  принципі.  Білім  алушы  ӛзінің  ойлау  қабілетіне, 
жинақтаған  білімінің,  іскерлігінің,  ойлау  тәсілдерінің  кӛлеміне 
қарай  түсінеді.  Аталған  принципті  жүзеге  асыру  үшін  ӛуелі  оқай, 
белгілі,  қарапайым  материалдар,  содан  кейін  қиын,  бел-гісіз, 
күрделі оқу материалдары оқылады.  
Шарттары:  оқылатын  материалдарды  әрбір  жас  кезеңдеріне 
бӛлу;  білім  алушының  ақыл-ойы  белгілі  бір  пәнді  оқуға  әзір  болу 
керек екенін ұмытпау; білім алушының дайындығын, дамуын және 
мүмкіндігін  ескере  отырып  оқыту.  Білім  алушылардың  ӛмір 
тәжірибесін,  қызығушылықтарын,  даму  ерекшеліктерін  зерттеу 
және  ескеру;  білім  алушыларды  оқыту  арқылы  дамыту; 
мүмкіндіктері  бірдей  білім  алушыларды  біріктіру;  жақсы  білім 


 
94 
алушылардың  дамуын  тежемеу,  оқу  үлгерімі  нашар  білім 
алушыларды  тез  қарқынмен  жұмыс  істеуге  үйрету;  оқытудың 
қарқынын 
белгілеп, 
керек 
жағдайда 
ӛзгерту; 
ұқсатуды, 
салыстыруды,  қатар  және  қарама-қарсы  қоюды  кең  қолдану;  жаңа 
және  күрделі  материалдарды  оқып  үйренуге  жақсы  оқитын  білім 
алушыларды,  бекітуге  оқу  үлгерімі  нашар  білім  алушыларды 
қатыстыру; білім алушыға келген ойды танымның соқы емес, басы 
деп  түсіну;  түсініктілік  педагогтің  анық  түсіндіруіне  және  тіліне 
байланысты;  ұғымдарды  нақты  және  біржақты  етіп  тұжырымдап 
ӛмірден,  әдебиеттен  жарқын  мысалдар  келтіріп,  бірсарынды 
сӛйлемеу;  монологты  ұзаққа  созбау,  педагог  іс-әрекеті  мен  білім 
алушы  іс-ерекетін  анықтап  алу.  Білім  алушылардың  түсінігіне 
жеңіл  оқу  материалдарын  ӛз  бетімен  оқуға  беру;  оқытудың  алғаш 
сәтінде  барлық  білімді  емес,  тек  негізгілерін  беріп,  бекітуге  жаңа 
мысалдар,  фактілер  алып,  жаңа  білімді  нақтыландыру;  білім 
алушылардың  танымдық  іс-әрекетін  басқару;  білім  алушылардың 
оқу  жұмысын  жеңілдете  бермеу,  олардың  ӛз  бетімен  оқуына,  оқу 
материалын  талдауына  кӛмектесу,  бағыт  беру;  түсініктілік  білім 
алушының  жұмыс  қабілетімен  байланысты,  сондықтан  білім 
алушыны жұмыс істеуге үйрету. 
Ынталандыру  принципі.  Бұл  принциптің  маңызы  ӛте  зор. 
Оқуға,  білімге,  педагогтің  жеке  басына  деген,  сондай-ақ  оқу 
жұмысының  барлық  әдістеріне,  түрлері  мен  нысандарына  білім 
алушыларда  ынта-ықылас  болса,  олардьщ  оқу-таным  әрекеті 
сенімді, ерікті, қуанышты болады.  
Сондықтан  педагог,  ең  алдымен,  сабақтарын  қызықты, 
тартымды,  әсерлі  етіп  ӛткізуге  міндетті.  Ынталандыру  принципі 
білім  алушыларға  жеке-дара  қарауды  керек  етеді.  Осыған  орай 
В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар: 
1.Білім  алушылардың  ақыл-ой  күштері  мен  мүмкіндіктері 
бірдей емес.  
2.Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын 
абстрактылы білім алушы жоқ:  білім алушы әрқашан дара, ӛзінше 
ерекше.  
3.Оқуда барлық мектеп білім алушылары үшін табысқа жетудің 
бірыңғай алғы шарттары жоқ. 
4.Оқу  қызметінің  берілген  сәтінде  әр  білім  алушының  неге 
қабілетті екенін аньщтаудық маңызы зор. 


 
95 
5.Оның  ақыл-ой  қабілетін  одан  әрі  қалай  дамытуға 
болатындығын анықтау маңызды. 
6.Білім  алушыдан  мүмкін  еместі  талап  етуге  болмайды. 
7.Бағдарламада  қаралған  деңгейге  әр  білім  алушы  қандай  жолмен, 
қандай  кідірістермен  және  қиыншылықтармен  келетінін  дұрыс 
анықтап алу керек.  
8.Әрбір  білім  алушының  ақыл-ой  еңбегінде  бағдарламаны 
қалай нақтылы жүзеге асыру керек. 
9.Әрбір  білім  алушының  күші  мен  мүмкіндігін  ашып,  оны 
ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту. 
10.Қиын  білім  алушыларға  шамасына  қарай  ақыл-ой 
жұмыстарын беру.  
11.Әрбір  білім  алушының  оқудағы  және  ақыл-ой  еңбегіндегі 
дара  сүрлеуін  анықтау  керек.  Осы  сүрлеуді  және  жақсылық 
жалынының қызуын сақтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет