Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет38/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   203
Теория  мен  практиканың  байланыс  принципі.  Бұл  принцип 
классикалық  философияның  ӛмір,  тәжірибе  таным  кӛзі  деген 
ережесіне  сүйенеді.  Ӛмір  және  практика  білім  алушыларға  дұрыс 
бағыт  береді,  белсенді  іс-әрекетке  ӛзірлейді.  Еңбек  тәрбиесі  жеке 
тұлғаны  қалыптастырады.  Оқытудың  ӛмірмен,  теорияның 
тәжірибемен  байланысының  жақсы  болуы  білім  мазмұнына,  оқу-
тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, 
еңбекке  және  поли-техникалық  әзірлікке  берілген  уақытқа,  білім 
алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. 
Шарттары: мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін 
қоғамдық-тарихи  тәжірибе  арқылы  дәлелдеу.  Білім  алушы  оқу 
тіршілікке  керек  екенін  түсінетіндей  етіп  оқыту;  «Білім  -  ӛмір» 
байланысы,  ӛмірден  алынған  мысалдарды  талдау.  Ӛлкетіну 
мәліметтерін 
қолдану; 
білім 
алушыларға 
қазіргі 
жаңа 
технологиялар,  ӛндірістік  қатынастар,  еңбектің  жақсы  әдістері 
туралы  әңгімелеу  және  тікелей  таныстыру;  білім  алушыларды  ӛз 
білімдерін  қолдануға  және  тексеруге  үйрету.  Қоршаған  ӛмірден 
білім  алып,  оны  қолдану;  білім  алушының  әрбір  сабақта  ӛз 
жұмысының  маңызын  түсінуі.  мектептің  ӛндіріспен  байланысын 
қолдану.  «Оқу  пәні  ӛндіріс»  байланысына  бағыт  беру,  бақылау; 
білім  алушылармен  бірге  ӛмірден  алынған  есептер  мен 
жаттығуларды  орындау,  оқулықтың  мәліметтерін  ӛмірден  алынған 
мәліметтермен  толықтыру;  аймақтың  сұранысына  қарай  кәсіптік 
бағдар  беру  жұмысын  жүргізу;  Мәселелік-ізденіс,  зерттеу 
жұмыстары  теория  мен  тәжірибені  байланыстырудың  басты 
құралы; еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, Педагогтің еңбектегі 
үлгі-ӛнегесі;  қоғамдық  пайдалы  және  ӛнімді  еңбекті  білім 
алушылардың  бақылауларымен,  ой-толғаныстарымен  ұштастыруу, 
сұрақтар  қою,  кӛп  білуге,  мәселелерді  анықтауға  ұмтылдыру; 
қоғамдық  пайдалы  еңбектің  оқу  және  тәрбие  мақсаттарына  сай 
жүргізілуі.  Қоғамдық  пайдалы  жұмыс  -  оқытудың  ӛмірмен 
байланысын  жүзеге  асырудық  маңызды  жолдарының  бірі;  еңбекті 
ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу; білім алушылардың 
бір  жұмыстағы  табыстарын  мадақтау,  басқа  жұмыстар  беру;  білім 
алушыларды  жақсы  жұмыс  істеуге  үйрету,  бір-бірімен  жарысып 
жұмыс  істеуге  баулу;  білім  алушылардың  бастамашылығын 
мақұлдау,  егер  мүмкіндік  болса  «Жас  ӛнертапқыштар»  сайысын 


 
91 
ӛткізу;  әр  білім  алушыны  оған  ұнайтын  ғылым,  техника,  ӛнер 
салаларынан  ӛз  бетімен  білім  алуға  ынталандыру;  ақыл-ой,  іс-
әрекетін  тәжірибе  мен  байланыстырып,  білімнің  80-85%  тәжірибе 
арқылы меңгерілетінін есте сақтау. 
Кӛрнекілік  принципі.  Бұл  ертеден  қолданылып  келе  жатқан 
принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім 
мүшелері  сыртқы  тітіркендіргіштерді  түрліше  қабылдайды.  Ең 
сезімталы  -  кӛру  мүшелері;  Олар  арқылы  миға  енетін  ақпараттар 
білім алушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте 
сақтау кӛрнекіліксіз мүмкін емес.  
Шарттары:  білім  алушылардың  ақыл-ой  жұмысы  үшін 
формалар,  бояулар,  дыбыстар  керек  екенін  естен  шығармау; 
оқытудың  алтын  ережесі:  кӛрініп  тұрғандарды  кӛрсету,  еститінді 
естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып кӛретінді дәмін таттыру; 
кӛрнекілік  -  оқыту  және  ақыл-ойды  дамыту  құралы;  білім  алушы 
ұғымдар  және  абстрактілік  принциптерді  түсіну  үшін  нақты 
фактілер,  мысалдар  келтіру;  кӛрнекілікті  мәселелі  жағдаяттар 
туындату  үшін  қолдану;  кӛрнекі  құралдық  оқылатын  зат  және 
құбылыс  туралы  анық  және  дұрыс  түсінік  алуға  кӛмектесуі;  білім 
алушылардың  бақылауын  жүйелеп,  құбылыстардың  себептерін, 
салдарын анықтату; кӛрнекілікті білім алушылармен бірге алдымен 
түгел қарау, негізгісі мен  негізгі  емесін анықтау,  содан  кейін тағы 
бір рет толық қарап шығу; кӛрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң 
кӛп кӛрнекілік қолданбау, ӛйткені білім алушылардың назары басқа 
жаққа  ауып,  негізгіні  түсіне  алмай  қалады;  кӛрнекілікті  қолданып 
білім  алушының  сезіміне  қозғау  салу,  қалыптасқан  түсініктерге 
сүйеніп,  меңгерілетін  ұғымды  нақтылау;  білім  алушылармен  бірге 
кӛрнекілік 
жасау, 
білім 
алушылардың 
ӛздері 
жасаған 
кӛрнекіліктердің  де  әсері  мол;  қазіргі  кӛрнекі  құралдарды,  атап 
айтсақ: 
оқу 
теледидарларын, 
бейнежазбілім 
алушырды, 
кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б. қолданып, 
техникалық  құралдармен  жұмыс  істей  білу;  кӛрнекі  құралдарды 
қолданып  білім  алушылардың  зейінін,  бай-қампаздығын,  ақыл-ой 
мәдениетін,  жобілім  алушый  білуін,  оқуға  деген  қызығушылығын 
тәрбиелеу;  кӛрнекілік  арқылы  ӛмірмен  байланыс  орнату;  білім 
алушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  заттьщ  кӛрнекілікті 
азайтып,  таңбалық  кӛрнекіліктерді  қолдану;  нақты  заттар  мен 
құбылыстарды  кӛрсету,  мүмкіндік  болмаған  жағдайда  символдың 
кӛрнекі құралдарды қолдану. 


 
92 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет