93
және жиілігі үмыту туралы психологиялық теорияларға сәйкес
белгіленеді; жаңа материалды оқып болған соң қайталауды кӛп
жүргізу керек, содан кейін қайталау азаяды, бірақ оны тоқтатуға
болмайды; әр білім алушыны ӛз мүмкіндігіне қарай, бірақ бар күш-
жігерімен жұмыс істеуге үйрету. Жалқаулықпен күресу;
қызығушылықты қалыптастырмай тұрып, жаңа материалды оқып-
үйренуді бастамау; оқу материалын жүйемен беру; егер оқыту
қарқыны тӛмендесе, онда бірден себебін анықтау.
Кӛп кездесетін себептер: оқу процесіне қызығушылықтың
тӛмендеуі және шаршау. Оларды жою жолдарын іздестіру;
тапсырмалар және нұсқауларды кӛп бермеу. Білім алушыларды
ақыл-кеңесті тыңдауға үйрету. Ӛте қызықтысын салмақтап
айтықыз. Әзіл-сықақ айтуға болады, бірақ шамадан аспаған жӛн;
ӛзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау. Ӛзара оқыту педагог
қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастырады; білім
алушыларды оқу материалын есте сақтай білуге үйрету. Ол үшін
есте сақтауды жеңілдететін мнемотехникалық (керекті мәліметтерді
есте сақтауға кӛмектесетін принциптер мен тәсілдердің жиынтығы)
тәсілдерді қолдану; білім алушының жағымды әсерін туғызбай
тұрып, жаңа білім беруді бастамау. Жазалау әдістерімен берілген
білім берік болмайды; қайталау және бекіту кезінде білім
алушылардың естерін, ақыл-ойларын, сезімдерін жұмыс істетіп,
білімдерін тереңдетіп, жаңа мысалдар келтіріп, қорытындыларды
нақтылау; оқыту қисындылығын қадағалау. білім алушының оқу
материалына деген он кӛз қарасын қалыптастыру; жаттығулар
санын, орындалатын мерзімін белгілеу; оқыту нәтижелерін жүйелі
түрде
тексеру және бағалау;
Достарыңызбен бөлісу: