4. Студенттердің ӛздік жҧмысы
Колледж және жоғары оқу орнындағы оқытудың басты міндеті
– ӛз бетімен жұмыс жасау, шешім табу, ойлау іскерліктерін дамыту.
Кредиттік жүйе бойынша ӛзіндік жұмыстарға бӛлінетің сағат
санының кӛбеюі, білім алушының танымдық ӛзбетілігін және
олардың
әдебиет
кӛздерімен
жұмыс
істеу
дағдысын
қалыптастырады.
Педагогикалық жүйе ретінде қалыптасқан студенттердің
ӛздігінен
орындайтын
жұмыстары
олардың
танымдық
белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттырып, оларды
тиянақтылыққа, ұстамдылыққа, бастаған істі аяғына дейін
жеткізуге тәрбиелейді. Шебер оқытушы ӛзіндік ойдың пайда
болуына жағдай жасап, оны қолдайды, ойдың зияткерлік құқығын
сақтайды, әрбір нәрсеге ӛз күшімен, еңбегімен, белсенді іс-
әрекетімен жету дағдысын дамытады. Кітаппен жұмыс, кітапханада
жұмыс, пікірталастар, ӛздік тәжірибелер, проблемалық міндеттерді
шешу, ғылыми әдебиетті, журналдарды оқу, пікір алмасу, ӛлең,
157
мақала, шығарма, баяндама жазу – бұл білім алушылардың
қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ететін еңбек түрлері. Сондай
оқытудың бір түрі – студенттердің ӛздік жұмысы (СӚЖ).
СӚЖ-н жекелеу. СӚЖ үшін жеке тапсырмалар жасауда
адамдардың интеллектуалдық сапаларынан шығу керек. «Жай
ойлайтындар» бар, «жылдам қабылдайтындар» бар, «идеяны
тудырушылар» бар, «идеяны орындаушылар» бар. Біреулер жеке
жұмысты таңдаса, басқалары – ұжымда жұмыстануға бейім болып
келеді. СӚЖ орындауда студенттерге ӛз мінез-құлқындағы
кемшіліктерді жоюға кӛмектесу керек. Тӛмендегі ұсыныстар
оқытушыларға түрлі сипатты студенттермен жұмыстануда жекелеу
тұрғысын қолдануға мүмкіндік береді:
аудиториялық сабақтарды ӛткізгенде ӚЖ-тың белгілі бір
минимумын барлық студенттердің орындауын қамтамасыз етуі
тиіс, ал жақсы дайындығы бар білім алушылар үшін күрделі
тапсырмалар даярлаған жӛн;
СӚЖ-ның орындалуын міндетті түрде белгіленген уақыты
бойынша тексеру қажет және оқытушының жеке кеңес беруі
жоспарланғаны
жӛн.
Бұнда
студенттердің
оқытушымен
педагогикалық қарым-қатынас жасауы ерекше орынға ие;
СӚЖ-ның дұрыс орындалуы үшін оны орындау бойынша
нақты әдістемелік нұсқаулар беру қажет. Семестрдің басында
оқытушы бірінші сабақтан-ақ студенттерді СӚЖ-ның мақсатымен,
құралдарымен, қиындық деңгейімен, орындалу уақытымен,
бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау формаларымен таныстырғаны жӛн.
ӚЖ кестелері тӛменгі курстарда қажет, ал жоғары курстарда –
студенттерді ӛз жұмысын жоспарлауға үйреткен жӛн;
кез-келген пән бойынша пратикалық сабақтардың үй
тапсырмалары жинағында болуы тиіс: бақылауда берілетін
тапсырмалардың барлық типтері; жоспарланған іскерліктерді
меңгеру үшін қажетті ұғымдар, фактілер, заңдар мен әдістер тізімі;
олардың ішінен жатқа білуі тиіс ұғымдар кӛрсетіледі;
тапсырмалар жинағы семестр басында беріледі, оны
тапсырудың уақыты белгіленеді;
СӚЖ-на тапсырмалар екі бӛлімнен тұруы мүмкін –
міндетті және факультативті. Факультативті бӛлігі дайындығы
жоғары студенттерге арналған, оалрдың орындалуы қорытынды
тексеруде ескеріледі;
158
Практикалық сабақтар барысында тапсырмаларды дұрыс
және жылдам орындайтын студенттерді анықтау оңай. Оларға
күрделендірілген жеке тапсырмалар беруге, СҒЗЖ-на қатысуға,
дайындығы тӛмен студенттерге кеңес беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |