Оқиғаларды, процедураларды немесе деректерге қаты- нау ды тіркеу құрылғысы жалпы қорғау жүйесінің бөлігі бо-
лып қарастырылады. Бағдарламаның түп нұсқалығын растау
ағымдағы бағдарлама қызметінің сəйкестігінен бастап, қорғау
құралының парапарлығын растауға дейін қамтиды.
Су белгісін қолдану жалған жасалғанды анықтауда ерекше
орын алады, өйткені пайдаланушы түп нұсқадан айыра алмай-
тындай дəл көшірмесін жасауға мүмкіндік бермейді. Су белгісі
əдісі бағдарламалық құралдардың (МD, МЛ беттерінің) тасымал-
даушыларын сəйкестендіруге негізделген. Бұған дискіні лазерлік
сəулемен бүлдіру де жатады.