125
Жүйені ашық кілтпен қорғау қос кілттің пайда болуына ке-
дергі жасау мақсатында заңды кілттер реестрінің сақталуын
қажет етеді.
Егер осыны алдын ала ескермесе, онда шифрланған
бағдарламалық қамтамасыздандыру қалқан кілтпен дешифрленуі
мүмкін. Ашық кілтті сақтау реестрінің қажет қорғауды қамтамасыз
етуінің себебі, 150 ондық цифрдай
болатын бұл санның ұзындығы
осындай көп кілттерді генерациялауға мүмкіндік береді. Регис-
трде орналасқан заңды жұптар саны жəне қорғау регистріне
сəйкес келетін жұптарды сұрыптау ықтималдығы өте аз болады.
Платалардың арнайы архитектурасы деректер шинасы арқы-
лы жадты оқудан қорғауға мүмкіндік береді. Бағдараламаны
сақтайтын жад не тұрақты жад немесе деректер
жадынан бөлек
орналасқан жəне кіріс, шығыс порттары жағынан қатынауға
болмайтын өшірілетін тұрақты жад. Плата ЭЕМ-нің резервтік
ұясында орналасады. Мұндай қорғауды жеңу еңбек сыйымдылығы
жағынан микропроцессордың архитектурасын
қалпына келтіру
технологиясына парапар болады.
Достарыңызбен бөлісу: