127
«Мен» түсінігі бағдарламаны əзірлеу табиғи үдерісінің нəти-
жесінде пайда болатын сипаттамаларды бейнелеуде қолданылады
жəне бұл бағдарламалау стилінің
қателіктер мен артық болу
ерекшелігіне жатады, бұлар тəуелсіз жазылған бағдарламада бол-
мауы керек. Бұлардың əрбіреуі авторлық құқықты бұзу айғағы
болып табылады.
Ерекшелік белгілері кедейсоқ болмайды, оларды автор жəне
авторлық құқық иесі туралы ақпарат беру үшін əдейі енгізеді.
Мұны қолданудың тағы бір себебі
заңсыз көшірме алу жо-
лын немесе бұзушының басқа іс-əрекетін анықтау болып та-
былады. «Ерекшелік белгі» термині, қалыпты жұмыс істеу ке-
зінде пайдаланушыға қатынасы бойынша өзін көрсетпейтін
қорғаудың енжар құралдарына жатады.
Көшірме жасаудың ең
бір нандырарлық дəлелі – қателердің көшірмесінің болуы. Əрбір
бағдарламада бағдарламалық өнімді жобалау үдерісінде баптауға
қажет артық бөлігі болады. Сонымен, кез келген бағдарламада
енгізілген айғақтар болады.
Егер авторлық құқық иесі туралы ақпарат бар ерекшелік бел-
гі
кодталған болса, айғақтың нанымдылығы күшейеді. Ерекшелік
белгілерінің ең маңызды артықшылығы олардың бұзушыға бел-
гісіз болуы.
Достарыңызбен бөлісу: