Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет101/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

Психологиялық əдістер бұзушыға тұрақсыздық сезімді 
жəне психологиялық қиналуды туғызуға негізделген. Оны əрқа-
шанда ұрлаған бағдарламалық өнімді қорғау құралының сақта-
латындығын ұмытпауға мəжбүр ету қажет. Бағдарламалық қам-
тамасыздандыруға қорғау тетігі енгізілгендігі туралы хабарлан-
дыру берген де пайдалы болады.


128
ҚОРЫТЫНДЫ
•  Ақпаратты қорғау құралдары жəне тəсілдері кешеніне 
кедергі, қатынауды басқару, бүркемелеу, тəртіп белгілеу, мəжбүр 
ету тəсілдері, ұйымдастыру, заңнамалық, моральдық-этикалық
формалды, бейресми қорғау құралдары жатады.
• Ақпаратты қорғау мəселелері қорғаудың заңнамалық аспек-
тілерінен бастап нақты техникалық құрылғыларға дейінгі кең 
өрісті қамтиды. 
• Қорғау құралдары пайдаланушыға ол көшірмені алып жəне 
оны орындауға əрекет жасағанға дейін байқалмайтын болуы ке-
рек.
•  Бағдарламалық қамтамасыздандырумен қоса жүретін құ-
жаттама, шектелген қолданыс, арнайы мақсатқа бағдарламалық 
қамтамасыздандыруды əзірлеудегі тапсырыстық жобалау, автор-
лық құқықты тіркеу өзіндік қорғаудың негізгі элементтері болып 
табылады.
•  Есептеу жүйесінің құрамындағы қорғау құралдарын пай-
далану бағдарламалық өнімнің жұмысында белгілі бір іс-қи-
мылдарды, арнайы сақтық шараларын жəне қорғауға кепілдік 
беретін шарттарды орындауға бағытталады.
•  Есептеу жүйесінің құрамындағы қорғау құралдарына ап-
паратураның арнайы сипаттамалары, магниттік дискілерді қорғау, 
қорғау құлпы жəне жүйе қызметінің өзгеруіне негізделген қорғау 
əдістері жатады.
• Белсенді қорғау құралдары – бұл дұрыс пароль енгізбеген-
дей, мезгіл немсе уақыт дұрыс көрсетілмегенде, бұзушы жағы-
нан тиісті емес іс-əрекет пайда болғанда қолданылатын құралдар. 
Мұнда қорғау құралы дабылды іске қосады жəне ақпаратқа 
қатынауды бұғаулайды.
• Енжар қорғау құралдарына қылмыстың ашылуына жағ дай 
жасайтын айғақты іздеуге жəне заңсыз көшіруді дəлелдеуге ба-
ңытталған əдістер жатады.
• Бағдарламалық өніммен ақпаратқа қатынауды қиындататын 
жұмыс істегенде қосымша ақпаратты талап ету, парольдер, кілт 
нөмірлері жəне басқаларды ақпаратты сұратып қорғаудың негізі 
болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет