Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Соңында, антивирустық бағдарламалардың ең өткір түріне  вакциналар



Pdf көрінісі
бет196/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

288
Соңында, антивирустық бағдарламалардың ең өткір түріне 
вакциналар жатады. Табиғи вакциналар тəрізді вирустың қыз-
мет істеу ортасын өзгертеді, осыдан ол көбею қабілеттілігінен 
айырылады. Вакциналар белсенді немесе енжар болуы мүмкін. 
Енжар вакцина дестелік (пакеттік) бағдарлама болып табыла-
ды, ол бір шақыруда файлды немесе дискідегі не каталогтағы 
барлық файлдарды арнайы жолмен өңдейді. Əдетте мұндай 
өңдеуде вирус жұқтырған бағдарламадан сау бағдарламаны айы-
ратын белгі қойылады. Кейбір вирустар жұқтырған файлдардың 
соңына қосымша жол жазады. Егер жасанды түрде барлық 
бағдарламалардың соңына осы жолды қосып жазсақ, онда мұндай 
бағдарламалар вирус жұқтырмайды, өйткені ол оған əлдеқашан 
жұққан деп есептейді. Осылай өңделген бағдарлама бұл 
вирусқа қарсы вакциналанған болып табылады. Басқа вирустар 
жұқтырған бағдарламаның өріс мезгіліне 62 секунд мəнін қояды. 
Вакцина бұл белгіні барлық орындалатын бағдарламаларға қоя 
алады, соның нəтижесінде олар вирустың бұл түрін жұқтырудан 
қорғалады.
Белсенді вакциналар, іс-қимылы, вирустың жедел жадтың 
ішінде болу еліктемесіне негізделген резиденттік бағдарламалар 
болып табылады. Сондықтан олар əдетте, резиденттік вирустарға 
қарсы қолданылады. Егер мұндай вакцина жадта болса, онда 
жұқтырған бағдарлама іске қосылғанда вирус оның көшірмесінің 
жедел жадта барлығын тексереді, вакцина, көшірме бар тəрізді 
етіп көрсетеді. Бұл жағдайда вирус бағдарламаға басқаруды 
береді, оның инсталляциясы жұмыс істемейді. Қарапайым вакци-
налар ерекшеленген жəне ептеп түрленген вирус болып көрінеді. 
Сондықтан олар фаги-бағдарламаларға қарағанда, тезірек дай-
ындалуы мүмкін. Өте күрделі вакциналар жедел жадтың ішінде 
бірнеше вирустың болуына себепші болады.
Əрбір антивирустық бағдарлама нақты аймақтық тəрізді, сон-
дықтан оңтайлы тактика антивирустық құралдардың бірнеше 
түрлерін кешенді қолдану болып табылады.
Компьютер вирустардың жұғуына душар болмас үшін жəне 
дискілерде ақпараттың сенімді сақталуын қамтамасыз ету мақса-
тында мына ережелерді орындау керек:


289
• компьютерді осы заманғы антивирустық бағдарламалармен 
жабдықтау, мысалы Aidstest, Doctor Web жəне ұдайы олардың 
нұсқаларын жаңарту;
• басқа компьютерде ақпарат жазылған дискеталарды оқудың 
алдында өз компьютеріндегі антивирустық бағдарламаларды іске 
қосып, ылғи бұл дискеталарда вирустың барлығын тексеру;
•  мұрағатталған түрдегі файлдарды өз компьютеріне ауыс-
тырғанда, қатты дискіні мұрағаттан шығарысымен тексеру, мұнда 
тек жаңа жазылған файлдардың аймағымен шектеп тексереді;
•  алдын ала амалдық жүйені жазбадан қорғалған жүйелік 
дискетамен жүктеп, файлдарды, жадты жəне жазбадан қор-
ғалған дискетті дискілердің жүйелік аймағын тестілеу үшін анти-
вирустық бағдарламаларды іске қоса отырып, компьютердің 
қатты дискілерінде вирустардың барлығын əрқашан тексеру;
• егер дискетада ақпарат жазу жүргізілмесе, онда басқа ком-
пьютерде жұмыс істегенде оларды əрқашан жазудан қорғау;
•  бағалы ақпараттық мұрағаттың көшірмесін дискетада 
міндетті түрде өзіңе жасау;
•  компьютерде жүктеуші вирустардың жұғуын болдырмау 
үшін, оны қосқанда немесе амалдық жүйені қайта жүктегенде
А дискжетегінің қалтасында дискета қалдырмау;
•  компьютерлік желілерден алынған барлық орындалатын 
файлдардың енгізілуін бақылау үшін антивирустық бағдар 
ла-
маларды пайдалану,
•  Aidstest жəне Doctor Web қолдану жоғары қауіпсіздігін 
қамтамасыздандыру үшін Adinf диск тексерушіні күнделікті пай-
даланумен қиюластыру қажет.
Тəжірибеде мақұлданған жəне өзінің жоғары тиімділігін 
көрсеткен бірқатар ережелерді сақтау коммуникациялық жүйе-
лерде қауіпсіз жұмыс жасаудың басты шарты болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет