293
• Антивирустық бағдарламаның сапасы: жұмыс істеу сенім-
ділігі, детектрлеу сапасы, көпплатформалығы,
файлдарды қолма-
қол тексеру, жұмыс жылдамдығы жəне қосымша қызметтер мен
мүмкіндіктердің болуы сияқты маңыздылығының төмендеу реті
мен орналасуына қарай анықталады.
• Компьютерге вирустардың жұғуын болдырмау үшін вирус-
тардың пайда болуының негізгі белгілерін білу қажет.
• Детектор – бағдарламалар жедел жадтан жəне файлдардан
нақты вирустарға тəн сигнатураны іздейді жəне табылса,
тиісті
хабар береді. Мұндай антивирустық бағдарламалардың кемшілігі
осындай бағдарламаны жасаушыларға танымал вирустар ғана та-
былады.
• Доктор-бағдарламалар немесе фагилар, сонымен қатар
вак цин-бағдарламалар вирустар
жұққан файлдарды тауып қана
қоймай, оларды емдейді, яғни файлдан вирус-бағдарлама дене-
сін жояды, файлдын бастапқы жағдайына қайтарады. Фаги-
лар өз жұмысының басында жедел жадтан вирустарды іздейді,
оларды жояды, тек содан кейін «файлдарды емдеуге» ауысады.
Фаги
лардың арасында полифагилар бөлектенеді,
яғни доктор-
бағдарламалар үлкен мөлшердегі вирустарды іздеуге жəне жоюға
арналады.
• Тексеруші-бағдарламалар вирустардан қорғау құралдары-
ның ең сенімдісіне жатады. Тексерушілер компьютер вирусты
жұқтырмаған кездегі бағдарламалардың, каталогтардың жəне
дискінің жүйелік аймақтарының
бастапқы жағдайын есіне сақ-
тайды, мезгіл-мезгіл немесе пайдаланушының еркіне қарай
ағымдағы жағдайды бастапқымен салыстырады. Байқалған өзге-
рістер монитор экранына шығарылады. Əдетте, жағдайларды са-
лыстыру бірден амалдық жүйе тиелісімен жүргізіледі. Салысты-
ру кезінде
файлдық ұзындығы, циклдік бақылау коды (файлдың
бақылау сомасы), жетілдіру датасы мен уақыты, басқа парамет-
рлер тексеріледі.
• Сүзгі-бағдарламалр компьютер жұмысында вирустарға тəн
күдікті əрекеттерді байқап табуға арналған кішігірім резиденттік
бағдарлама болып табылады. Мұндай іс-əрекеттер: COM, EXE
кеңейтілулері бар файлдарды түзетуге əрекет жасау; файл атрибут-
тарын өзгерту; абсолюттік мекенжай
бойынша дискіге тура жазу;
294
дискінің жүктеуші секторын жазу; резиденттік бағдарламаны
тиеу болуы мүмкін. Сүзгі-бағдарламалар өте пайдалы, өйткені
вирусты көбеймей тұрып ең ерте кезеңінде байқау мүмкіндігі бар.
Бірақ олар файлдар мен дискілерді «емдемейді».
• Вакциналар немесе иммунизаторлар –
бұл файлдарға жұқ-
тыруды болдырмайтын резиденттік бағдарламалар. Вакциналау
тек белгілі вирустарға жүргізілуі мүмкін. Вакцина бағдарла-
маны немесе дискіні олардың жұмысында бақалмайтындай етіп
түрлендіреді, ал вирус оларды жұқтырған деп қабылдап, оған
енбейді.
Достарыңызбен бөлісу: