Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет198/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

291
Алтыншы ереже - егер ақпараттарды тасымалдаушыға жазу 
жүзеге асырылады деп ұйғарылса, осы операциялардың орында-
луын бұғаттау. 3,5 дюйм магниттік дискілерде, бұл үшін квадрат 
саңылау ашқан жеткілікті болады. 
Бүкіл осы айтылған ұсынымдарды орындау, бағдарламалық 
вирустар жұқтыру ықтималдығын елеулі түрде азайтуға мүм-
кіндік береді жəне пайдаланушыны ақпараттарды қайтарусыз 
жоғалтудан қорғайды. 
Ерекше жауапты жүйелерде вирустармен күресу үшін ақпа-
раттық-бағдарламалық құралдарды (мысалы, SHERIFF) пайдала-
ну қажет болады.
Вирус қалай болғанда, коммуникациялық жүйеге түскен кез-
де, белгілі бір əрекеттер тізбегінен ұстана отырып, оның санда-
рын барынша азайтуға болады. Ең алдымен, вирустың бар болу-
ын анықтау қажет. Оны төмендегі белгілер бойынша анықтауға 
болады:
•  вирусты жұқтырғаны немесе мүмкін жұқтырулар туралы 
антивирустық құралдар хабарларының пайда болуы;
•  мониторға немесе принтерге берілетін хабар сияқты, ви-
рустың анық көрініс беруі, дыбыстық эффектілер, файлдарды 
жою жəне коммуникациялық жүйеде вирустың болуын біржақты 
көрсететін өзге ұқсас əрекеттер;
•  өзге себептермен, мысалы, коммуникациялық жүйелердің 
аппараттық жəне бағдарламалық құралдарының тоқтап қалу не-
месе істен шығу себептерінен туындауы, вирус жұқтырудың анық 
емес көрініс беруі мүмкін.
Коммуникациялық жүйелерде вирустардың болуының анық 
емес көрініс беруіне жүйенің «кідіруін», белгілі бір əрекеттердің 
орындалуын баяулатуды, мекенжайды дербестендіруді бұзуы, 
құрылғылардың тоқтап қалуын жəне т.б. жатқызуға болады. 
Болжанып отырған вирус жұқтыру туралы хабарды алып, 
пайдаланушы бұған көз жеткізуі тиіс. Осындай міндетті 
антивирустық құралдардың бүкіл кешенінің көмегімен шешуге 
болады. Вирус жұқтырғанына көзін жеткізген пайдаланушы:
1) резиденттік вирустарды жою үшін ЭЕМ-ді ағыту;
2) вирустар жоқ ақпараттардың ауыспалы тасымалдаушысы-
нан эталондық операциялық жүйенің жүктеуін жүзеге асыру;


292
3) ақпараттардың ауыспалы тасымалдаушыларында, резервтік 
көшірмелері жоқ маңызды файлдарды сақтау;
4) вирустарды жою үшін антивирустық құралдарды пайда-
лану жəне файлдарды, жад аймақтарын қалпына келтіру. Есеп-
теу жүйелерінің жұмыс қабілеттілігіне бақылау жүргізу сияқты 
тізбекте технологиялық əрекеттерді орындауы қажет. 
5) егер ЭЕМ-нің жұмыс қабілеттілігі қалпына келтірілмесе, 
онда толық өшіруді жəне алмалы емес сыртқы жадта сақтайтын 
құрылғыларды форматтауды жүзеге асыруы керек. БЭЕМ-де бұл 
үшін MS DOS FDISK жəне FORMAT бағдарламалары пайдала-
нылуы мүмкін. FORMAT форматтау бағдарламасы, жүктеу ви-
русы болуы мүмкін, қатты дискідегі басты жүктеу жазуын жой-
майды. Сондықтан MBR құжаттамалмаған параметрмен FDISK 
бағдарламасын орындау осы бағдарламаның көмегімен бөлім-
дер мен қатты дискіде логикалық дискілер жасау қажет. Содан 
кейін бүкіл логикалық дискілер үшін FORMAT бағдарламасы 
орындалады.
6) операциялық жүйелерді, өзге бағдарламалық жүйелерді 
жəне вирус жұқтырғанға дейін жасалған резервтік көшірмелер 
мен дистрибутивтер файлдарын қалпына келтіру; 
7) вирус жұқтырғаны анықталғаннан кейін сақталған файл-
дарды мұқият тексеру жəне қажет болған кезде вирустарды жою 
жəне файлдарды қалпына келтіру қажет;
8) пайдаланушының иелігіндегі бүкіл антивирустық құрал-
дардың көмегімен ЭЕМ-ді жан-жақты тексеру жолымен ақпа-
раттарды қалпына келтіруді аяқтау.
Компьютерлік вирустар жұқтырудың алдын алу бойынша 
ұсынымдарды орындау кезінде, сондай-ақ вирустар жұқтарған 
жағдайда епті жəне уақытылы əрекет еткенде коммуникациялық 
жүйелердің ақпараттық қорларына келтірілетін нұсқан да əлде 
қайда аз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет