302 12-тақырып. АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ Дəрістің мəн-мəтіні Мақсаты: Криптографиялық түрлендірулердің түрлерін
оқып-білу
Дəріс жоспары: 1. Ақпаратты түрлендірудің негізгі типтері
2. Симметриялы криптосызбалар Шифрлау пішіндері
3. Бір жолғы блокнот
4. Деректерді шифрлау стандарты. Блоктап шифрлау əдістері
5. Ашық кілтпен шифрлау алгоритмдері
Негізгі түсініктер: Симметриялық криптосызба, шифрлеу
формалары, бір реттік блокнот, шифрлеу стандарты, блоктық
шифрлеу, ашық кілт.
Тақырыптың мазмұны: Ақпараттарды қорғаудың крип- тографиялық əдістері – бұл ақпараттарды шифрлаудың, код-
таудың немесе өзге түрлендірудің арнайы əдістері, соның нəти-
жесінде оның мазмұны кейбір арнайы ақпараттарды (кілтті) көр-
сетусіз қатынай алмайтынға айналады. Əрі қарай пайдаланатын
бірқатар терминдерді анықтаймыз.
Криптограмма – арна бойынша беруге не кейбір таратушыға
ақпаратты жазу үшін дайын хабарды жеке кодтау.