313
алынған əріптерді қосу жолымен ашық мəтін алады.
Бұл кө-
шірмені ол, содан кейін жояды.
Бірақ, бір рет пайдаланатын блокноттың көмегімен шифрлау
алгоритмінің аса елеулі кемшіліктері бар. Бір рет пайдалана-
тын блокноттағы əріптердің тізбегі, нағыз кездейсоқ болуы тиіс,
өйткені оған жасалатын кез келген криптоаналитикалық ша-
буыл,
бірінші кезекте, осы блокноттағыны беру əдісіне қарсы
бағытталатын болады.
Оны ешқашанда екі рет пайдаланбау бір рет пайдаланатын
блокнотты қолданудың өзге маңызды ерекшелігі болып санала-
ды, өйткені криптоаналитик, шифрлау үшін сол,
бір рет пайдала-
натын блокнот қолданылған хабар телімін іздеуі мүмкін.
Кездейсоқ тізбектің, хабардың өзіндегідей, сол ұзындықта
болуы тиіс екендігі шифрлаудың блокноттық тəсілінің тағы бір
кемшілігі болып табылады. Резидентке шифрлауды жіберу үшін,
бір реттік
блокнот тағы да керек болады, бірақ, өткізу қабілеті се-
кундына ондаған мегабитпен өлшенетін байланыс арнасын қайда
қоямыз?
Əрине, қажет болған жағдайда кездейсоқ тізбектіліктерді
сақтау үшін көп рет қайта жазатын компакт-дискілерді неме-
се цифрлық магниттік лентаны пайдалануға болады. Бірақ,
бұл проб
леманы шешудің аса қымбат тұратын жолы.
Мұнан
өзге, беретін жəне қабылдайтын аппаратуралардың синхронды
жұмысын, сондай-ақ хабарды беру кезінде бұрмалаудың болмау-
ын қамтамасыз етуі қажет. Өйткені, тіпті, егер хабардың бірнеше
биті оны беру кезінде қалдырылып кеткен болса,
алушы ашық
мəтінді оқи алмайтын болады.
Жоғарыда айтылған барлық кемшіліктеріне қарамастан,
қазіргі уақытта бір реттік қолданатын блокноттар, аса құпия ха-
барларды шифрлау үшін белсенді пайдаланылады. Өзінде тиісті
блокнот
болмағанда, криптоаналитикалық шабуылдар барысын-
да пайдаланылатын суперкомпьютерлердің қаншалықты шапшаң
жұмыс істейтіне тəуелділіктен тыс, осы хабарды оқып шығу
мүмкін болмайды.
IBM фирмасы ұлттық қауіпсіздік басқармасымен бірге 1975
жылы деректерді шифрлау стандартын жасады, ол 1976 жылы
федералдық стандарт болып қабылданды.
21–1525