Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет237/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

09D8:0140
09D8:0145
09D8:0148
09D8:0148
CMP BYTE PTR [A76C], 00
JNZ    014B
CALL  0C50
MOV  AH, 18
Кодтың бірінші жолы, жадтың берілген аймағындағы мəнін 
тексереді.
Егер жадта 00 мəні болса, салыстыру бұйрығы процессордың 
Z файлын «қосылған» қалпына қояды, ал кез келген өзге мəнін 
«ағытылған» қалпына қояды.
Кодтың екінші жолында JNZ салыстыру бұйрығын орындау 
нəтижелері негізінде, ауысуды орындау керек пе деген шешім 
қабылданды. JNZ бұйрық, егер Z файл «ағытылған» болса, кодтың 
төртінші жолына ауысуды орындайды. Осылай, ескерту экранына 
шығатын ішкі бағдарламаларды шақыру, үшінші жолды айналып 
өтетін болады. Егер Z файл «қосылған» болса, ауысу болмайды 
жəне шақыру орындалмайтын болады.
Кодтың үшінші жолы қаскүнем бейтараптағысы келетін 
кейбір ішкі бағдарламаларды шақырады. 
Кодтың төртінші жолы – жай түрде бағдарламаға əкелетін 
бұйрық.
Осылай, оның міндеті, үшінші жолдағы ішкі бағдарламалар-
ды шақыруды айналып өту болып табылады. Бұл үшін бірне ше 
тəсілдер қолданылады. Солардың бірінде, мысалы, JNZ:014B 


351
бұйрығын JMP:014B – сөзсіз түрде ауысу бұйрығына ауыстыру 
жеткілікті. Бұл жағдайда, үшінші жолдың шақырулары, кодтың 
бірінші жолы соған сүйенетін мекенжай бойынша жадыда бар ма, 
əлде жоқ па, оған қатыссыз айналып өтетін болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
•  Рұқсатсыз көшіруде екі жақтың: бағдарламалық өнімнің 
заңды иесі жəне заңсыз көшіруді орындайтын қаскүнем арасында 
қарама-қарсылық пайда болады.
• Бағдарламалық өнімдерді рұқсатсыз көшіру əрекетіне қар-
сы əртүрлі: ұйымдық-экономикалық, құқықтық жəне техникалық 
қорғау əдістері пайдалынады.
•  Интелектуалдық меншікті қорғаудың ресми актілерінің 
жиыны, құпия ақпаратпен жұмыс ережелері жəне келісімшарт 
құқығы бағдарламалық қамтамасыздандыруды жалпы жəне бағ-
дарламаларды жеке қорғау үшін құқықтық негізі болып табыла-
ды.
• Авторлық құқық нақты түрде болатын өнімнің өзін қорғайды. 
•  Патенттер бюросының көзқарасы бойынша компьютерлік 
бағдарлама дербес өнім ретінде қарастырылады.
• Рұқсатсыз көшіруден қорғаудың техникалық жүйесі онымен 
байланыстырылған, қорғалатын бағдарламалық модульді жасы-
рын көшіруді қиындататын құралдар кешені болып табылады. 
• Қорғау жүйесін бейтараптау екі: қорғалған бағдарламаның 
жұмыс істеуінің бағдарламалық-аппараттық ортасының моделін 
анықтау; алгоритм моделін анықтау, бағдарламалық-аппараттық 
орта сипаттамасының бекітілген мəндерін эталонмен салыстыру 
бағытында жүргізілуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет