Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет63/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   257
Негізгі түсініктер: Моделдеу тəсілдері, нақты емес жиындар 
теориясы, бейресми əдістер
Тақырыптың мазмұны: Бейресми модельдеудің арнайы 
əдістері жүйелердің бейресми теориясын қолдануға негізделген. 
Жүйелердің бейресми теориясының негізгі құрамды бөліктеріне:
•  күрделі жүйелердің архитектурасын жəне іс-қимыл жасау 
үдерістерін құрылымдау;
• бағалаудың бейресми əдістері;
• оңтайлы шешімдерді іздеудің бейресми əдістері жатады.
Құрылымдау – ұйымдастыру-техникалық жүйелерге көп та-
ралған жүйелердің формалды сипатының дамуы. Құрылымдау 
үдерісінің үлгісіне конвейерлік өндірісті атауға болады. Мұндай 
өндіріс негізіне екі принцип:
• өндірістің технологиялық үдерісіне қатаң тəртіп белгілеу;
• орындаушылар мен жабдықтарды мамандандыру кіреді.
Өндірілетін өнімнің құрылымы мына талаптарға сəйкес бо-
луы қажет:
• бұйым құрылымдық иерархиялық элементтерден (блоктар, 
түйіндер, сызбалар, бөлшектер жəне т.б.) тұрады;


79
•  барынша қарапайым, құрылымдық шешімдер жəне техно-
логиялық амалдар бірыңғайлы жəне стандартты.
Қорғалған есептеу жүйелерін құру проблемасы олардың син-
тезімен байланысты жəне қауіпсіздік қатерлерінен қорғау оған 
қойылатын талаптардың бірі болып саналады.
Осылай, қорғалған жүйелердің синтезі мен оны талдаудың 
негізгі теориялық принциптерін талқылауды бастау үшін, біздің: 
компьютерлік жүйені неден қорғауымыз керек деген сұрақ тың 
мəн-мəнісін ашып алуымыз қажет болады? Бұл үшін қатерлердің 
негізгі түрлерін əрі қарай, онымен байланысты қорғалған жүйе-
лердің математикалық модельдері мен негізгі ұғымдарды қарас-
тырамыз, содан кейін, есептеу жүйелерінің синтезі кезінде қолда-
нылатын, жалпы принциптерді, əдістер мен тұжырым дама ларды 
бөліп көрсетеміз.
Зерттеуді бастаған кезде ғылымда болған объективті шын-
дықты зерттеу мен талдау құралдарын қолдану үшін, үлкен неме-
се кіші дəрежеде оған теңдес болатын модельдердің – теориялық 
құрылымдардың кейбір ықшамдалған сипаттамасын қолданған 
дұрыс болады.
Есептесу жүйелерін құпиялылық, тұтастық, қолжетімділік 
қа  терлерінен қорғау кезінде пайдаланылатын, қауіпсіздік саяса-
тының негізіне жататын модельдерді құрастырамыз.
Аталған бөлімде модельдер осы модельдер негізінде синтез-
делген ақпаратты содан қорғайтын, қатерлердің түріне сəйкес 
қарастырылатынын атап өтеміз.
Қатынауды шектеу модельдері кімнің оны білмеуі керек бол-
са, ақпарат соларға белгілі болатындықтан ақпаратты ашу қатерін 
жоюға бағытталған қауіпсіздік саясатының синтезі болып пайда-
ланылады. Аталған модельдер:
• құқықтар беру принципі бойынша құрылған қатынауды шек-
теу модельдері;
• ақпараттар теориясы принциптері негізінде құрылған қаты-
науды шектеу модельдері;
• ықтималдықтар теориясының принциптерін пайдалана тын 
қатынауды шектеу модельдері түрінде сыныпталуы мүмкін.
Одан əрі қарайғы тармақтарда, ілгеріде айтылған принцип-
тер негізінде құрылған, қатынауды шектеу модельдерін қарас-


80
тырамыз.  3-суретте қатынауды шектеу модельдерінің сынып-
тауы берілген.
Құқықтар беру принципі бойынша құрылған қатынауды шек-
теу модельдері қатынауды шектеу саясатын құрудың осы табиғи 
негізі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет