Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет93/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

Микропроцессордың архитектурасын жобалау əдістері 
əзірленген, мұнда шинадағы деректерді қарау немесе көшіру үшін 
бағдарламаны оқудан қорғайды. Бағдарламаның орындалуы чип-
те жүзеге асырылады. Бұл жағдайда қорғалуға қажет ең маңызды 
процедураларды жүзеге асыруға арналған интеллектуалдық 
аппараттың модулі рөлін чип атқарады.
Қорғау құлыбы бағдарламаға қатынасуға əрекет жасалғанда 
кейбір тексерулер орындалмаса, оған қатынауға тыйым салу қол-
данылады. Егер əр компьютердің бірегей сериялық нөмірі негізінде 
құлып жасалса, онда бақылау жүзеге асырылады. Мұндай қорғау 
құлпын «жылжымалы» құлыптар сыныбына жатқызады. Бұл 
жағдайда сериялық нөмірлері лицензияға енгізілген компьютер-
лерде ғана бағдарлама жұмыс істейді. Ешқандай компьютер 
де 
сериялық нөмірге қатынау мүмкіндігі болмайды. Əр компью-
терге бірегей сипаттама беруге мүмкіндік беретін əдісті «жадты 
бөлшектеп бұзу» деп аталады. Динамикалық жады блоктарының 


121
статикалыққа қарағанда айырмашылығы, деректер регенерация 
жолымен үздіксіз қайта қалпына келіп тұруы қажет. Егер белгілі 
бір себеппен үздіксіз қайта жазумен байланысқан регенерация 
тоқтап қалса, деректер жоғалады. Жад құрылымының өзгеріп 
тұру қасиетін сəйкестендіру үшін қолдануға болады. Бөлшектеп 
бұзу мен жазу бірегей қорғау кілтін береді, ол бағдарламаның 
басқа компьютерде жұмыс істеуінен сақтайды. Қорғау кілттері 
бағдарламалық құралдарды белгіленген уақыт арасында əрі қарай 
жалғастыра пайдалануды бақылауға мүмкіндік береді.
Кілттердің іс-қимылын кезектесуге немесе жүйе қызметтері-
нің өзгеруіне негізделген бірнеше қорғау əдістері бар. Бұл кезек-
тесу бағдарламалық листингіні қараудан сақтауға немесе көшіру 
ішкі бағдарламасының орындалуын тоқтатуға мүмкіндік береді. 
Пайдаланушыға шолып қарағанда, өзгеріс байқалмауы мүмкін, 
ол ақпараттың өзгергенін немесе жасырылғанын сезбейді.
Аппаратураның қызметтік ерекшеліктерін бағдарламаны 
қор  ғау үшін пайдалануға болады.Тұрақты жадта орналасқан кез 
кел ген бағдарлама ақпаратты оқуға ғана рұқсат беретін осы құ-
рыл   ғының қасиетін көрсетеді. Бұл қасиетті бағдарламалық жол-
мен айналып өтуге əрекет жасау сəтсіз келеді, тек жазуға бола-
тын жадқа бағдарламаны көшіруге мүмкіндік бар, бірақ заңсыз 
көшір ме өзгеріп кетуі мүмкін. Бір құрылғыны басқасымен ауы-
стыру логикалық мекенжайды беру жолымен орындалады. Жүйе 
қызметтерін өзгерту үшін əртүрлі тəсілдерді пайдаланылады.
Қорғауды бағдарламаға енгізу ақпаратты сұрататын бағдар-
лама əзірлеумен байланысты, яғни өзінің жұмысына қосымша 
ақпаратты: парольдер, кілт нөмірлері жəне басқаларды енгізуді 
талап етеді. Қорғау құралдарының бұл санаты ақпараттарды 
сұра тып қорғау деп аталады (10-сурет).
Парольдер – бұл қатынауды басқару тетігі, мұнда ақпараттың 
түгелдігін сақтау қамтамасыз етіледі. Əдетте, парольдер толық 
мəнінде қорғау құралдары болып табылмайды. Парольдер есеп-
теу жүйесінің құрамында бағдарламалық қамтамасыздандырудың 
тұтастығын сақтауды орындайды. Парольдер есте сақтауға оңай 
келуі, бірақ айқын болмауы керек. Сұрақ-жауаптық жүйе жоғары 
дəрежеде қорғауды қамтамасыз етеді, бірақ есептеу жүйесінің 
жұмысына едəуір қорларды жəне уақытты қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет