Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Вирустар жəне «трояндық ат» түріндегі қосымшалар



Pdf көрінісі
бет150/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

Вирустар жəне «трояндық ат» түріндегі қосымшалар. 
Ақырғы пайдаланушылардың жұмыс стансалары вирустар мен 


218
«трояндық аттарға» осал болады. Вирустар дегеніміз зиянды 
бағ дарламалар, олар басқа бағдарламаларға сіңдіріліп, ақыр-
ғы пайдаланушылардың жұмыс стансаларында жағымсыз қыз-
меттер орындатады. Мысал ретінде command.сom файлына жа-
зылып, басқа файлдарды жояды, сонымен қатар барлық табылған 
command.сom версияларына жұғады. «Трояндық ат» бағдар-
ламалық қоспа емес, кəдімгі бағдарлама, ол пайдалы қосымша 
тəрізді болып көрінеді, бірақ іс жүзінде қирату қызметін атқарады.
Желілік барлау. Бұл жалпы қол жетерлік деректер мен қо-
сымшалар көмегімен желі туралы ақпарат жинайды. Хакер 
белгілі бір желіге қарсы шабуылды дайындар алдында, əдетте, 
ол туралы мүмкін болғанша көп ақпарат алуға тырысады. 
Желілік барлау DNS сұранымы, эхо-тестілеу жəне порттарды 
сканерлеу пішінінде жүргізіледі. DNS сұранымы домендерге 
кім ие жəне осы доменге қандай мекенжайлар меншіктелгенін 
білуге көмектеседі. DNS көмегімен ашылған мекенжайларды 
эхо-тестілеу арқылы осы ортада қандай хостылар нақты жұмыс 
атқаратынын көруге болады. Хостылар тізімін алып, хакер осы 
хостылар қолдайтын қызметтің толық тізімін құрау үшін порттар-
ды сканерлеу құралдарын пайдаланады. Ең соңында «барлаушы» 
хостыда жұмыс істейтін қосымшалардың сипаттамаларын тал-
дайды. Нəтижесінде, шабуыл жасауға пайдаланылатын ақпарат 
тауып алынады.
Жоғарыда келтірілген шабуылдардың мүмкін екендігін мы-
нандай себептер арқылы көруге болады:
•  біріншіден, жіберушіні бірегейлендіру тек қана оның IP-
мекенжайымен жүзеге асырылады;
• екіншіден, бірегейлендіру процедурасы тек қосылысты ор-
нату кезеңінде орындалады – əрі қарай қабылданатын дестелердің 
түпнұсқалылығы тексерілмейді;
• үшіншіден, жүйеге қатысы бар ең маңызды деректер желі 
бойынша шифрланбаған түрде жіберіледі.
Заңды сұрақ туындайды: Интернетке қосылған желінің неше 
əлеуеттік осал жерлері бар? Internet Security Systems компания-
сы мамандары TCP/IP хаттамасына негізделген кез келген желіде 
рұқсатсыз қатынаудың 135-ке жуық əлеуеттік арналары бар деп 
есептейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет