219 ҚОРЫТЫНДЫ • Желі қауіпсіздігіне ең көп қауіп төндіретіндер: рұқсатсыз
қатынау; электрондық жасырын тыңдау; ұрлау; əдейі немесе
байқамай бүлдіру.
• Ақпаратты қорғаудын параметрлері: қорғау дəрежесі, қорғау
саясатын белгілеу, алдын-ала қорғау, бірегейлендіру, үйрету, құ-
рал-жабдықтарды физикалық қорғау, серверлерді қорғау, кабель ді
қорғау.
• Желінің физикалық құраушыларын қорғап, əкімші желілік
қорлар рұқсатсыз қатынаудан жəне кездейсоқ немесе əдейі жо-
юдан қауіпсіз екендігіне кепілдік беруі керек. Желілік қорлар-
ға қатынауға пұрсаттылықты жəне құқықтылықты тағайындау,
желінің бизнесті ойдағыдай жүргізу құралына айналуына негіз
болып табылады.
• Аудит (auditing) – бұл сервер қауіпсіздігі жорналына нақты
оқиғаларды жазып отыру. Бұл үдеріс желідегі пайдаланушының
іс-қимылын қадағалайды. Бұл желіні қорғаудың бір бөлігі, өйткені
қауіпсіздік жорналында нақты қорлармен жұмыс істеген немесе
оған қатынауға əрекет жасаған барлық пайдаланушылардың ат-
тары көрсетілген. Сонымен қатар ол кейбір қорларды пайдалан-
ған шығындарды анықтағысы (төлегісі) келетін бөлімшелерге
ақпарат береді.
• Үйлесімділік - TCP/IP негізгі артықшылықтарының бірі,
сондықтан көптеген жергілікті компьютерлік желілер бұл хатта-
маларды қолдайды. Сонымен қатар, TCP/IP хаттамалары Интер-
нет жаһандық желісінің қорларына қатынауға мүмкіндік береді.
• Бүгінгі күнде ең көп таралған шабуыл нұсқаларына: жа-
сырын тыңдау, парольдік шабуылдар, деректерді өзгерту, «біліп
қойылған кілт», сенімді субъектіні ауыстыру, сеансты ұстап алу,
делдалдық, «пайдалануға қарсылық», қосымша деңгейінде ша-
буыл, сенімді ақтамау, вирустар жəне «трояндық ат» түріндегі
қосымшалар, желілік барлау жатады.