Полиморфтық вирустар жұққан бағдарламаларда өз код-
тарын түрлендіреді, нəтижесінде бір вирустың екі данасы бір
битте де бір-біріне сəйкес келмеуі мүмкін. Мұндай вирустар
шифрлаудың əртүрлі жолдарын пайдаланып, өз кодтарын тек
шифрлап қана қоймай, шифрлау мен мағынасын ашуды генера-
циялау кодына ие болады; мұның өз кодының телімін шифрлай-
тын кəдімгі шифрлау вирусынан айырмашылығы, шифрлау мен
мағынасын ашу кодының тұрақтылығы болып табылады.
Полиморфтық вирустар өзін-өзі түрлендіретін мағынасын аша-
тын вирустар болып табылады. Мұндай шифрлаудың мақсаты -
жұққан жəне сау файлға ие бола тұрып, кəдімгі дизассемблир-
леу арқылы оның кодын талдаудың мүмкін болмауы. Кодтың
мағынасын ашуды тікелей орындау кезінде вирустың өзі жүзеге
асырады. Мұнда мүмкін болатын əртүрлі нұсқа бар: өзін түгел
ашады немесе бір бөлігін ашып, пайдаланғаннан кейін қайта
шифрлайды. Мұның бəрі вирус кодын талдауды қиындатады.