15
Қонақтық ОЖ квазиэмуляциялау технологиясы, қонақтық ОЖ
нұсқауларының барлығы бірдей хосттық операциялық жүйе құралдары
арқылы эмуляциялауды талап етпейтіндігіне негізделген. «Қонақтық»
қосымшалардың дұрыс жұмыс істеуіне қажетті нұсқаулардың кӛпшілігі,
хосттық ОЖ тікелей нақты адрестелген болуы мүмкін. Олардың ішінен
басқаруға арналған келесі құралдарды шығарып тастауға болады: видеокарта,
ІDE-бақылаушы (контроллер) таймер және тағы басқалар.
Сонымен, квазиэмуляцияланған ВМ жұмыс істеу процесінде қонақтық
ОЖ нұсқауларын таңдап эмуляциялау іске асады. Сондықтан да, осындай
ВМ ӛнімділігі толық эмуляцияланған ВМ қарағанда анағұрлым артық
болатыны анық. Соған қарамастан, жоғарыда айтылғандай, дербес
компьютерлердің деңгейінің ӛсу барысында бұл айырмашылық онша кӛп
болмайды.
Квазиэмуляциялау технологиясы бойынша жасалған жобалардың
мысалдары:
Virtual Platform технологиясы, оның негізінде VMware компаниясы
тӛрт түрлі ӛнімді ұсынады: Windows NT/2000/XP үшін VMware
Workstation, Linux үшін VMware Workstation, VMware GSX Server
(group server) және VMware ESX Server (enterprise server);
Германиялық NetSys CmbH компаниясының тапсырысы бойынша
Ресейдің Параллели (Parallels) компаниясы құрастырған Serenity
Virtual Station (SVISTA, бұрынғы twoOStwo) виртуалды машинасы;
Linux басқаруындағы әртүрлі Intel x86 операциялық жүйелерді іске
қосуға мүмкіндік беретін ашық кодты Plex86 жобасы;
Микроядроны пайдаланатын ашық кодты L4Ka жобасы;
Белгілі бір шарттарды сақтаған кезде ӛнімділікті де арттыра алатын
Linux, FreeBSD, NetBSD басқаруындағы жетілдірілген Linux ОЖ,
FreeBSD, NetBSD, WindowsXP операциялық жүйелерін іске қосуға
мүмкіндік беретін ашық кодты Хеn жобасы.
Достарыңызбен бөлісу: