§1.1.3 Виртуаландыру - ақпараттық жҥйелерді
реттеудің басты жолы
Жұмыс орнының, серверлердің, бағдарламалық және ақпараттық
ресурстардың кӛбеюі корпоративті ақпараттық жүйелерді (АЖ) басқаруға
кететін шығынның кӛбеюіне алып келгендіктен оның қарапайымдау
мәселесін алға тартуда. Осындай қысқартудың бір жолы (ақпараттандыру
саласындағы мамандардың кӛпшілігінің пікірі осы сияқты) бұл құрамдық
компоненттер мен қосымшаларды автоматтандыру, яғни олардың
операциялық ортаға бағынышты болмауы.
Компьютерді пайдаланушылардың басым кӛпшілігіне дисплейді
виртуаландыру – терезе технологиясы түсінікті де және таныс. Әрбір
мәселеге дисплейдің бір бӛлігі - «терезе» арналады. Әрбір терезенің ӛзіне тән
біршама ерекшеліктері болады: кӛлемі, орналасқан координаты, шрифті, түсі
16
және т.с.с. Белсенді (жиі пайдаланылатын) мәселе терезесі дипслейде кӛрініп
тұрады, ал «күңгірттелінген» мәселе терезелер реті (егер олар пайдаланылса)
виртуалды есте сақталады. Кейбір терезелерді виртуалды дисплей деуге де
болады. Дискті де виртуаландыру болашағынан үміт күттіреді. Виртуалды
диск (том) – бір нақты дисктің бӛлігі, немесе бірнеше толық нақты
дисктерден, я болмаса АЖ – ні бір және бірнеше тораптарында орналасқан
олардың бӛліктерінен құрылуы мүмкін.
Виртуалды дискілер виртуалдандырылған кезде кәдімгі нақты
дискілерге ұқсатып жасалынады. Бірақ сонымен бірге, операция жасаудың
жетілдірілгенінің арқасында (мысалы, физикалық ӛңдеуді тоқтатудың
оңайлығы немесе мәліметтерді түрлендірудің қажетсіздігі) виртуалды
дискілер ӛзінің физикалық нұсқасынан жылдамдық және функционалдық
жағынан анағұрлым басым түседі. Мәліметтерге енуге мүмкіншілігі бар
барлық бағдарламалар виртауалды дискпен тиімді жұмыс істей алады, ол
дискіні виртуаландыру есептеу жүйесіне мына функцияларды қосады:
кӛп мәселені бір мезетте орындауға мүмкіндік береді;
ӛте сенімді және жұмыс істеуі бұрынғыдан да жоғары АЖ құруға
жағдай жасайды;
сақталынған мәліметті виртуаландырудың мүмкіндігі жасалады, яғни
кӛптеген физикалық құрылғылардан сақталынған мәліметтерді
агрегациялау, немесе оларды бір ортаға жинақтау.
АЖ – нің әр түрлі тораптарындағы мәліметтерге қарапайым
қашықтан енуді (енудің жылдам істейтін каналдарымен бірге)
қамтамасыз етеді, мысалы виртуалды дискілердің резервтік
нұсқаларын жасағанда, немесе олардың айналуын ұйымдастырғанда;
виртуалды және нақты дискілердің динамикалық кескінін ӛзгертуді
ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды;
қолданбалы бағдарламаларды тестілеуге арналған әр түрлі стендтерді,
басқа қосымша физикалық дисктерді талап етпестен, құруға жағдай
жасалынады.
Эксперименттік
жұмыстар
мен
техникалық
құрылғыларды
үйлестіруге арналған қосалқы қызмет, тиісті құрал – жабдықпен
қамтамасыз етіледі.
Виртуалдандыру процесі компьютердің бір немесе бірнеше
ресурстарында іске асуы мүмкін, бұл кезде операциялық жүйенің құрамына
тиісті виртуаландыру бағдарламасы қосылуы керек. Егер компьютердің
барлық компоненттері виртуаландырылса, онда виртуалды машина деп
аталатын жасанды интеллект пайда болады, ал ондағы виртуаландыру
бағдарламасының жиынтығын – виртуалды машинаның мониторы деп
атаған болатынбыз.
Осындай әдіспен виртуалды ресурстар кеңістігіндегі виртуалды
машиналардың жұмыстары, виртуалды машиналардың процессорлары мен
мониторларының жеңілдік берілген бұйрықтары арқылы ұйымдастырылады.
Бұл жағдайда пайда болатын қосалқы шығын - жұмыстың екі рет ӛңделуі –
17
алдымен нақты дербес компьютерлерде (ДК)-де, содан кейін виртуалды
машинада. Бұлардың кӛпшілігінен виртуалды машина арқылы құтылуға
болады. Дербес компьютерлерде бір адам пайдаланатын режим
қолданылуының арқасында функцияларды қайталаудың ең маңызды
мӛлшеріне қол жеткізуге болады.
Бұндай машиналарда (соған ұмтылған болатынбыз) виртуалды
ресурстар шынайылықтан біршама жоғары болады, ал ең құндысы – оның
ӛте жоғарғы сапасында. Ресурстардың мүмкіндіктері жүйедегі барлық ДК
бірдей сәйкестендірілуі мүмкін. Виртуаландыру қолда бар барлық ДК
корпоративтік қосымшаларын, олардың қай ӛндірушіден сатып алынғанына,
онда қандай операциялық жүйе орнатылғанына қарамастан, бірдей бейнеге
келтіруге мүмкіндік береді. Баспасӛзде INTEL мен MICROSOFT
корпарациялары микропроцессорларға виртуаландыруды аппаратық қолдау
кӛрсетуді енгізуді және оны тиісті бағдарламамен қамтамасыз ету үстінде
белсенді жұмыс жүргізуде деген мәлімет те жарық кӛрген болатын.
Сонымен,
виртуаландыру,
компоненттердің
құрамдарын
автоматтандыруға қандай кӛмек кӛрсете алады? Ол кӛмек ресурстардың
мӛлшері мен кескінінің ең тиімдісін ұсыну болып табылады. Осының
арқасында шынайы ДК болатын шектеулер жойылады, сонымен бірге
бағдарламалар мен технологияны бір – біріне сәйкестендіруге деген талап та
қажет болмайды. Бұның нәтижесінде АЖ – ге әр түрлі операциялық жүйеде
жасалынған кӛптеген қосымшаларды жіберуге болады, ал қосымшалардың
операциялық ортамен түйісуі арнайы информатик маманның болуын талап
етпейді. Ең ақырында қосымшалардың жұмыс қабілеті мен жүктемелердің
ӛзгеруіне автоматты түрде бейімделуі мүмкін болады. Содан виртуалды
машинадағы қосымшалар сәйкестендіру немесе админинстратордың
бұйрығы арқылы емес, нақты мәліметтің ағыны және оқиғалар арқылы
басқарылады.
Техникалық жүйе қызметі үшін әр түрлі ӛндірушілердің (Dell, HP,
KraftWay және т.б.) кӛптеген есептеу машиналарына виртуалды машина
орнату мүмкін болады, олардың сәйкестігі барлық корпоративті
қосымшалардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Керек болса виртуалды
машиналар
шынайы
техникалық
құралдардың
таңдап
алынған
баптамаларының тұрақтылығын тестілеуге және тәжірибе жұмысы үшін де
техникалық жүйе қызметін пайдалана алады. Виртуалдандырылған
архитектурасы болса, техникалық құралдарды қосымша ала беруге болады,
себебі ол жұмысқа қосылғанда конфигурациясын ұзақ та күрделі баптау
жасауды талап етпейді. Сонымен бірге белгілі бір ӛндірушіден тәуелді
болудан да құтылуға септігін тигізеді.
Бағдарлама жасаушылар ақпаратпен қамтамасыз ету қызметіне
виртуалдандырудың кеңейтілген ресурстарын ұсынады, соның арқасында
бағдарламаға кететін модульдерге бӛлу, оверлейн жүйесін құру немесе
беттерді алмастырудың арнайы бағдарламасын жасау керек болмай қалады.
18
Сонымен бірге виртуалды машиналар – бұл ерекше атау. Бұл жерде
шынайы қондырғыларды жаңадан қоспай–ақ және де реконфигурация
жасамай- ақ әр түрлі бағдарлама кешендерін тестілеуге, виртуалды жобалар
жасауға, статистика жинауға және ӛлшемдер жасауға болады. Жұмыс
орнындағы пайдаланушылар үшін қосымшалардың баптаулары және оларды
бірге пайдалану үшін келісу жеңілдейді, демек, мамандардың жүктемесі
азаяды және олардың кәсіби деңгейіне деген талап та тӛмендейді.
Виртуаландыру мәліметтер базасының, админстраторлардың да
жұмысына үлкен ықпал жасайды. Мәліметтерді орналастыруға арналған
сыртқы жады инфрақұрылымы виртуаландыруды пайдаланған кезде
админстраторландыру кезінде қарапайым және икемді болады, бұл уақытты
үнемдейді. Құрылғыларды жетілдіруге уақыт жұмсаудың орнына олар бір
орталықтан дискілерді белгілеп, оны алмастыра алады. Бұл мәліметтер
базасы операторларына уақытты үнемдеп қана қоймай, оларға басқа
мәселелерді шешуге кӛп уақыт қалдырумен бірге корпоративті шығындарды
да
азайтады.
Жұмыстағы
тұрақтылық
та
жақсарады,
себебі
виртуаландырылған кезде шешім белгілі бір торап үшін емес, бүкіл
ақпараттық жүйе үшін келісілген түрде қабылданады.
Виртуалдандыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпаратты қорғау
қызметіне де үлкен мүмкіндіктер береді. Олар осы арқылы АЖ ресурстарын
қалай пайдаланатындығын және олардың белгіленген ережелерді сақтауын
бақылайды. Виртуалды машинада тұтынушылардың сыртқы қондырғыларға
басқа жүйе байланыстарына енуінің мониторингіне жеңілдік берілген
бұйрықтардың шақыруын хаттама арқылы ұйымдастыруға болады.
Виртуалды машиналарда азғана ӛзгеріс болса, пайдалануышының әрекетін
шектейтін, техникалық жағынан ӛте күрделі қымбат тұратын, мәліметті
қорғау құралдарын пайдаланғандай әрекет алынады. Сонымен бірге,
пайдаланушы одан жақсы әсер алады. Сонымен бірге, пайдаланушыға
берілген виртуалды машиналарда қондырғы немесе порт болмауы мүмкін,
бұл машиналарда жұмыс орнында пайдалануға шектеу жасайды.
Жүйедегі пайдаланушы ғана виртуалдандыруға байланысты болған
инновациялық ӛзгерістерге қатыссыз қалады. Оны, жұмыс орны қандай
күрделі жүйемен жабдықталғаны онша қызықтырмайды. Шынайы ДК – дің
қосымшаларымен немесе виртуалды машинасы бар ДК – мен жұмыс істеуде
пайдаланушыдан арнаулы білімді талап етпейді. Оның жұмысын
технологиялар, регламенттер, қызметтік нұсқаулар ғана анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |