Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Виртуалды машина дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?



Pdf көрінісі
бет7/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   121
Виртуалды машина дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді? 
Қазіргі таңда пайдаланушының кӛзқарасы бойынша виртуалды машина 
(ВМ) – бұл арнайы бағдарламалық құралдардың кӛмегімен жасалған қандай 
да бір виртуалды есептеу ортасының («виртуалды компьютердің») нақты 
кӛшірмесі. Әдетте мұндай құралдар, нақты компьютердің физикалық 
ресурстарымен ғана шектелген виртуалды машиналардың еркін санын құруға 
және жүктеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде виртуалды машина жасауға 
және оны басқаруға Microsoft компаниясының Virtual PC 2004, VMware 
компаниясының VMwareWorkstation, Parallels компаниясының Parallels 
Workstation құралдары кеңінен қолданылуда деп айтуға болады. Бұл 
құралдарға (виртуалды машиналарға) қатысты, яғни олардың жалпы 
сипаттамалары, оларды құрастыру, орнату, баптау, олармен жұмыс істеу 
және олардың мүмкіндіктері туралы толық мағлұматты, А.К.Гультяевтің 
«Виртуальные машины: несколько компьютеров в одном» кітабынан және 
htpp://www.piter.com, 
www.microsoft.com 
және 
www.vmware.com 
сайттарынан табуға болады. 
Дербес жағдайда, виртуалды компьютер - Linux ОЖ–де іске қосылған 
арнайы бағдарлама, және ол Intel х86 процессоры негізінде нақты физикалық 
процессордың моделі десек болады. Виртуалды компьютердің мониторы 
болып ақпарат шығарылатын Windows ХР (Windows NT 4.0 немесе басқа 
ОЖ) графикалық қоршамының терезесі алынады және виртуалды компьютер 
келесі виртуалды құрылғылар жиынынан тұрады: 

виртуалды IDE және SCSI қатты дискілері; 

виртуалды CD - ROM; 

иілгіш диск үшін стандартты дискжетек; 

екі бірінші (primary) және екі екінші (secondary) IDE дискілерін 
қолдайтын 82371 PCI Bus Master - IDE қатты диск контроллері

BusLogic BT-958 – мен үйлесімді SCSI – дискілері адаптері; 

стандартты PCI графикалық адаптері; 

стандартты 101/102 – пернелік пернетақта, PS/2 – сәйкес тышқан; 

AMD PCNET Family Ethernet adapter (PCI-ISA) желілік карта; 

COM1-COM4 тізбекті порттары; 

LPT1-LPT2 параллельді порттар; 

Sound Blaster 16 – мен сәйкес келетін дыбыстық карта. 
Бұл кӛрсетілген виртуалды құрылғылар жиыны виртуалды машина 
жүктелетін нақты компьютердің құрылғылыр жиынына қарағанда (кейбір 
құрылғыларсыз, мысалы, пернетақта, тышқан, процессор, дыбыстық карта 
болмаса да болады) ӛзгеше. Егер операциялық жүйе тікелей виртуалды 
компьютер ішіне орнатылса, онда орнату барысында бұл құрылғылардың 
барлығы нақты анықталады. Виртуалды компьютерді қосқан кезде (ол 


11 
программа-эмулятордың менюіндегі Power On/off арнайы батырмасының 
кӛмегімен іске асырылады) қалай BIOS «аппараттық бӛлігін» тестілеп 
жатқанын кӛруге болады, және де физикалық компьютердегі сияқты Setup 
бағдарламасына кіріп, BIOS орнатуларын (настройка) беруге немесе 
ӛзгертуге болады. Виртуалды компьютерге кез-келген операциялық жүйені 
орнатуға және онымен әдеттегідей жұмыс істеуге болады. 
ВМ жасаудың құралы (кейде оларды виртуалды машиналар 
қосымшасы (немесе ВМҚ) деп те атайды) - бұл нақты операциялық жүйеге 
орнатылған кез-келген басқа қосымшалар сияқты қарапайым қосымша. Бұл 
нақты 
ОЖ 
«басты» немесе 
хосттық 
деп 
аталады 
(ағылшын 
терминологиясынан алынған host - «басты», «базалық», «жетекші»). 
Виртуалды машиналарды басқарудың барлық мәселелерін ВМ 
қосымшасының құрамындағы арнаулы модуль - виртуалды машинаның 
мониторы (ВММ) атқарады. Монитор виртуалды машиналар және базалық 
қондырғы арасындағы барлық қарым – қатынастарда делдалдық роль 
атқарады, сонымен бірге бірыңғай аппараттық платформада жасалған барлық 
ВМ орындалуын қолдап, олардың сенімді оқшаулануын (надежную 
изоляцию) қамтамасыз етеді.
Пайдаланушының виртуалды машинаның мониторына тікелей 
қатынауға мүмкіндігі болмайды. Бағдарламалық ӛнімдердің кӛбісінде 
пайдаланушыға виртуалды машинаны жасауға және үйлестіруге арналған 
графикалық интерфейс қана ұсынылады (5 сурет). Бұл интерфейс әдетте 
виртуалды машиналардың консолі деп аталады.
5 сурет. ВМ консолынің мысалы 
Пайдаланушы, виртуалды машинаның «ішіне» нақты компьютердегі 
сияқты ӛзіне керекті операциялық жүйені орнатады. Осындай, нақты ВМ-ға 
тиісті операциялық жүйе қонақтық деп аталады (guest OS). Қолданылатын 
қонақтық ОЖ тізімі - виртуалды машиналардың ең маңызды 
сипаттамаларының бірі болып табылады. Бүгінгі күнгі заманауи виртуалды 
машиналар Windows, Linux және MacOS операциялық жүйелері 
ұрпақтарының бірнеше ондаған нұсқаларын қолдауды қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет