Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Қонақтық ОЖ АРІ эмуляциялауымен виртуалды машиналар



Pdf көрінісі
бет9/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   121
Қонақтық ОЖ АРІ эмуляциялауымен виртуалды машиналар 
Кӛбінесе қосымшалар оқшауланған адрестік кеңістікте жұмыс істейді 
және қондырғымен операциялық жүйе ұсынған АРІ (Apрlication Programming 
Interfase – қолданбалы бағдарламалау интерфейсі) интерфейсінің кӛмегімен 
қарым-қатынас жасайды. Егер, екі операциялық жүйе ӛздерінің АРІ 
интерфейстерімен сәйкес (совместимы) болса (мысалы Windows МЕ және 
Windows ХР), онда олардың біріне арналып жасалған қосымша екіншісінде 
де жұмыс істей алады. Ал егер екі операциялық жүйенің АРІ интерфейстері 
сәйкес болмаса (мысалы Windows 2000 және Linux), онда қонақтық ОЖ АРІ-
не бағытталған қосымшалар қатынасын ұстап алуды (перехват) және оның 
әрекетін хосттық ОЖ құралдарымен имитация жасауды қамтамасыз ету 
керек. Бұндай кезде бір операциялық жүйені орнатып қойып бір мезгілде 
оның ӛзінің қосымшаларымен де және басқа операциялық жүйенің 
қосымшаларымен де жұмыс жүргізуге болады.
Тек АРІ - дің шақырулары ғана эмуляцияланып, қосымшаның тұтас 
коды эмуляциясыз орындалатын болғандықтан, виртуалдандырудың бұндай 
схемасы виртуалды машиналардың ӛнімділігінің шамалы ғана кемуіне алып 
келеді. Алайда, кӛптеген қосымшалар құжатталмаған АРІ функцияларын 
пайдаланатын болғандықтан, немесе АРІ–ді айналып ӛтіп тікелей 
операциялық жүйенің қызметіне жүгінетіндіктен, ең жақсы деген АРІ 
эмуляторының ӛзінде сәйкестік мәселелері туындайды, соның салдарынан 
мүмкін болған барлық қосымшалардың 70 % - ға жуығын ғана іске қосуға 
мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ӛте тез дамып келе жатқан операциялық 
жүйелердің (мысалы, Windows сияқты) АРІ эмуляциясының жұмысын 
тұрақты қолдап тұру оңай емес, сондықтан да АРІ эмуляторының кӛпшілігі 
операциялық жүйенің қандай да бір нақты нұсқасының эмуляторы болып 
қалуда. Мысалы, Windows NТ/ 2000 ОЖ осы күнге дейін І.х. нұсқасының 
OS/2 қосымшасына арналған эмулятор орнатылған. Қонақтық ОЖ АРІ 
эмуляциялауымен ВМ–ның ең басты кемшілігі – оның нақты бір 
операциялық жүйеге бағытталғандығы.
Қонақтық ОЖ АРІ эмуляциялау технологиясы бойынша жасалған 
ӛнімдер мысалдары:

ашық кодты Wine жобасы (Wine Is Not an Emulator, «Wine» - 
эмулятор емес), ол Linux және Unix операциялық жүйелері 


14 
басқаруымен Dos-, Win16- және Win32 қосымшаларын жүктеуге 
мүмкіндік береді; 

Linux операциялық жүйесі басқаруымен Windows операциялық 
жүйесін қосуға мүмкіндік беретін Netraverse компаниясының 
Win4Lin ӛнімі; 

Linux операциялық жүйе басқаруында Dоs–қосымшаларды іске 
қосуға мүмкіндік беретін ашық кодты DOSEMU жобасы;

бір компьютерде Linux операциялық жүйесінің бірнеше нұсқасын 
іске қосуға мүмкіндік беретін ашық кодты User Mode Linux (UML) 
жобасы. (қазіргі кезде Linux 2.6 ядросына ендірілген);

бір компьютерде Linux операциялық жүйесінің бірнеше нұсқасын 
іске қосуға мүмкіндік беретін ресейлік SWsoft компаниясы 
құрастырып шығарған Virtuozzo технологиясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет