Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет150/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Эмбриондардың ағзаға сіңіп-өнуі – жалпы пайдаланылған санға шаққандағы
реципиент жатырына имплантацияланылған эмбриондардың салыстырмалы
көрсеткіші.
Эмбрионның биологиялық құндылығы – жаңа тіршілік иесінің туылуымен
аяқталатын, олардың қалыпты дами алуы.


271
Эмбрирондарды жуып алу – көбею мүшелерінен (фаллопи түтігі немесе
жатырдан) арнайы қоректік сұйықтықты пайдалану арқылы эмбриондарды алу əдісі.
Эндогенді фактор – ағзаның өз ішінде жинақталған, белгінің дамуына белгілі
дəрежеде əсер ететін, өзіндік жағдайлар.
Эндомитоз (гр. endon – ішінде, mitos – жіп) – ядро жəне жасуша бөлінбей,
ядро қабығы бұзылмай, бөліну жүйкесі түзілмей, жасуша ядросындағы
хромосомалардың екі еселенуі. Эндомитоз полиплоидтыққа əкеліп соғады.
Эндоредупликация (лат. reduplication – екі еселену) – хромосома түзуші
нуклеопротеидтік жіпшелер (хромонемалар) бірнеше есе көбейіп, өте үлкен алып
(полигендік) хромосомалардың түзілуі.
Эндосперм (гр. endon – ішінде, sperma – тұқым) - өсімдік дəнінде ұрықтың
алғашқы өсуіне қажет қоректік заттар жиналатын ұлпа.
Эпигенетикалық өзгергіштік (гр. ері – үстінде, genos – шығу тегі, туыс) –
онтогенезде тұтас геном құрылымы сақталып, ал гендер активтілігінің тұқым қуалай
өзгеруі.
Эстроген – ФСГ мен ЛГ гормондарының белсенділігін реттейтін гормон.
Эукариот жасушасы (гр. eu – жақсы, толық, karyon – жаңғақ, жаңғақтың
дəні) – жасуша ядросы жəне органеллалары (митохондриялар, пластидтер)
мембранамен қоршалған жасуша, жоғары сатыдағы организмдерге тəн.
Я
Ядролық клондау (ағ. nuclear cloning) – бекітілген диплоидтық денелік
(сомалық) ядролы, ядросыз жұмыртқадан тірі организмді алу.
Ядролық сегрегация (ағ. nuclear segregation) – гетерокариоциттердің көбею
үдерісі кезінде ата-аналардың біреуінің ядросының жойылуы (өлуі).


272


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет