Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет145/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   152
Трансгенді хайуандар – ағзасына жат текті ДНҚ ендірілген тірі жан иелері.
Транскрипция  – информациялық РНҚ-ның РНҚ тізбегінде түзілу үдерісі.
Трансляция – информациялық РНҚ молекуласындағы тізбектелген
триплеттер негіздерінің полипептидтік тізбектегі амин қышқылдар қатарына
аударылу механизмі. Трансляция үдерісінің болуы нəтижесінде ақуыздардың
синтезі жүреді. Трансляция кезінде амин қышқылдары полипептидтік байланыс
жасап, полипептид түзіледі.


267
Трансплант (лат. transplantation – көшіріп отырғызу) – жаңадан дайындалған
қоректік ортаға отырғызылған, өсіп тұрған каллустың бір бөлігі.
Трансплантант – эмбрион тасымалдау əдісі арқылы алынған жануар.
Транспозондар (жылжымалы генетикалық элементтер) (лат. transposition –
орын аустыру, ағ. transposon) – құрылымы жəне генетикасы жағынан жеке ДНҚ
бөлшектері; жасуша геномындағы орнын ауыстыруға қабілетті.
Трансформация (трансгеноз) (лат. transformation – айналу, trans – арқылы, гр.
Genos) – шығу тегі бөтен генетикалық информацияны жасушаға енгізу.
Триплоид, тетраплоид (лат. tres – үш, гр. tetra – төрт) – үш, төрт еселенген
хромосомалар жиынтығы бар ядро, жасуша, организм.
Тұқым бүршігі (тұқым бастамасы) ( ағ. ovule) – дəнді өсімдіктердің
түйініндегі жасушалық құрылымы, одан дəн өсіп жетіледі.
Түйін (ағ. ovary) – өсімдік гүлі аналығының төменгі, жуандаған қуыс бөлігі;
өсімдіктің аналық мүшесіндегі тұқым бүршіктері орналасқан бөлігі.
Тітіркенгіштік – жасушаның сыртқы əсерлерге жауап беру мүмкіндігі,
немесе сезімталдығы.
У
Универсальды блок – эмбриокультуральды зерттеулер жүргізуге қажетті
барлық құрал-жабдықтар мен қондырғылары бар, оқу аудиторияларымен жанаса
орналасқан, жеке бөлме.
Ұ
Ұрғашы реципиент – эмбриондардың (трансплантант) əрі қарай жетіліп-
дамуын қамтамасыз ету үшін, оны басқа (бөгде) ұрғашының жыныстық жолына
(жатырына) қондыруға арналған аналық (синонимдер: суррогатты шеше, өсіруші
аналық).
Ұрық қапшығы ( ағ. embrio sac) – аналық гаметофит, ұрық қалтасы гүлді
өсімдіктердің тұқым бүршігінің орталық бөлігі, мұнда жұмыртқа жасушалары өсіп
жетіледі де, ұрықтануы жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет