269
Хромосомалар сегрегациясы (ағ. chromosome segregation
) будан жасушалар
популяциясындағы кейбір х-хромосомалардың жойылып кетуі.
Хромосомалық мутация – хромосомалар құрылымының өзгеруінен
туындайтын өзгерістер. Хромосомалар жасушаның бөлінуі кезінде немесе əртүрлі
физикалық жағдайлардың əсерінен өзгеріске ұшырайды.
Хромосомалық мутациялар (лат. deletio – құрту, жою, inversio – төңкеру,
duplicatio - екі еселену, trans – арқылы өткізіп, location – орналастыру, transpositio -
орын ауыстыру) – хромосомалық өзгергіштік немесе аберрациялар. Оларға
жататындар:
-
делеция – генетикалық материалдың бір бөлігінің жойылуы (бір
нуклеотидтен бірнеше гендерге дейін);
-
инверсия – хромосома құрылымының бұзылуы, бір бөлігінде гендер 180º
айналып, кері орналасуына байланысты, хромосомалық мутацияға ұшырауы;
-
дупликация – хромосоманың өзгеруі негізінде болатын геннің немесе
хромосома бөлігінің екі еселенуі;
-
транслокация - бір немесе бірнеше хромосомалардың гомологтық емес
бөліктерінің алмасуы;
-
транспозиция – хромосома бөлігінің сол хромосома ішінде, не басқа бір
хромосомаға ауысуы немесе ығысуынан болатын мутация.
Достарыңызбен бөлісу: