133
алынып, жаңа қоректік ортаға отырғызылған жасуша, əлі
дифференцияланып біте
қоймаған көптеген жаңа жасушалар –
каллустар береді. Осы каллустарда олардың
өмір сүру жағдайларын (қоректік ортаның құрамын) өзгерте отырып, өскіндердің
пайда болуын шақырып, ал кейіннен оларды жаңа қоректік ортаға апарып егу
арқылы тұтас өсімдік алуға болады. Мұндай өсімдік тек бір ғана денелік
(соматикалық) жасушадан пайда болуы себепті, бастапқы
шыққан өсімдік
жасушасының тұқымдық белгілерін сақтап қалады. Мысалы, бастапқы жасуша
топырақ тұздылығына немесе қандайда бір патогенді микроорганизмдерге төзімді
болған болса, одан өсіп шыққан өсімдік те дəл сондай қасиеттерге ие болады.
Сондықтан жасушалық селекция деп аталатын əдістің ең маңызы осында.
Жасушалық селекцияның өсімдіктердің кең қолданылатын дəстүрлі
селекциясынан бірталай артықшылығы бар. Мұның ең басты артықшылығы –
селекциялық үдерістердің қарқындылығын көп деңгейде арттыруға мүмкіндік
береді. Мысалы, өсімдіктердің жаңа сұрыптарын дəстүрлі селекциялық əдіспен
шығару үшін кемінде 10 немесе кейбір жағдайларда 20 жылға дейін уақыт кетеді.
Ал жылдан-жылға өсіп келе жатқан азық-түлікке деген сұраныс, өсімдік өнімділігін
арттыруға бағытталған сұрыптау жұмыстарының нəтижелілігін арттыруды талап
етеді. Жасушалық селекцияда болса, өсімдік жасушаларын өсіру зертханалық
жағдайда жылдың барлық мерзімдерінде жүргізілуі себепті, осы
саланың
маусымдық ерекшеліктеріне аса бағына қоймайды. Бұдан басқа, селекциялық
жұмыстың қарқындылығы жалпы жұмыс көлемінің азаюына байланысты артады.
Өйткені жұмыстың көп кезеңі зертханалық жағдайда жүргізілуі себепті, əр жылы
гибридті өсімдіктерді өсіруге пайдаланылатын өте көп жер телімдерін өңдеп-
қараудың қажеті болмай қалады. Егер де жасанды қоректік ортада өсіріліп жатқан
əрбір жасушаны жеке ағза (өсімдік) деп қарайтын болсақ, онда жасушалық əдістегі
бір тəжірибеде ондаған миллион болашақ толыққұнды өсімдіктерді күтіп-қарауға
мүмкіндік туылады. Дəстүрлі əдіс бойынша даладағы жер үлескілерінде жұмыс
істейтін селекционер мұндай мүмкіншілікке ие бола алмайды. Ең көп дегенде бағбан
мың дана көлеміндегі өсімдіктермен жұмыс істеуі мүмкін.
Дəстүрлі селекцияда əрбір сұрыптарға, тұқымға, кейде тіпті түрге жататын
өсімдіктердің аналық жəне аталық ұрықтарын қосу жұмыстары жүргізіледі. Бірақ
мұнда жыныстық ұрықтану аталық жəне аналықтар ретінде
белгілі бір ағзаларды
пайдалану
мүмкіншіліктерімен
шектеледі. Атап
айтқанда, жыныстық
гибридизациялау жұмыстары тек қана туыс түрлерге жататын өсімдіктер арасында
жүзеге асырылады Денелік жасушаларынан бөлініп алынған протопластарын
біріктірудің ашылуы, өсімдік гибридтерін алудың жаңа мүмкіндіктеріне қол
жеткіздірді. Екі протопластардың біріктірілуі нəтижесінде пайда болған жасушадан
селекционерлер тарапынан қызығушылық тудыратын жаңа өсімдік өсіп шығады.
Қоректік суспензияда екі протопластардың өздігінен қосылуы өте сирек
кездесуі себепті, ғалымдар осы үдерісті жеделдететін əртүрлі заттарды қолдана
бастаған. Бұл мақсатта бастапқыда натрий нитраты қолданылды. Бірақ та, кейіннен
əсері күштірек заттар табыла бастады, мысалы
жоғары концентрациядағы
полиэтиленгликоль пайдаланылды.
Протопластардың қосылуы нəтижесінде пайда болған жаңа жасушада екі ядро
болады жəне олар кейіннен бірігіп кетуі немесе жеке тұруы мүмкін. Егер де
134
протопластағы екі ядролар бірігетін болса, онда хромосомалар саны екі еселенеді.
Кейбір жағдайларда тек бір ғана ядросы бар гибридті жасуша алуға қол жеткізіледі.
Мұндай гибридтерге
цибридтер деген атау қолданылады (яғни цитоплазмалық
гибридтер). Сондықтан денелік жасушаларды біріктіру арқылы өсімдіктердің бұрын
өзара көбейе алмайтын сұрыптары мен түрлерін будандастыру мүмкіндіктерінің
ашылуы, селекция саласында жаңа жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндіктер
тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: