Білім беру - оқыту мен тәрбиелеу процесінің нәтижесі. Білім беру, ең алдымен,- әлеуметтік құбылыс - мемлекеттің, қоғамның, тұлға қызығушылығының мақсатты тәрбиелеу және оқыту процесі.
Білім беру дегенде біз танымдық білім мен тәжірибенің адамзат жинақтаған тәжірибесі негізінде оқыту мен тәрбиенің ғылыми жүйесін және мәдени құндылықтарды, шығармашылық қабілеттерді, қағамдық ӛмірге, еңбекке дайындығын белгілейміз. Білім беру ұғымына барлық әлеуметтік тәжірибенің элементі енеді.
Оқыту - сабақ беру мен оқудың екі жақты процессі. Сабақ беру – бұл танымдық процестердің қасиетін, біліктілігін, білімін беру. Оқу - бұл оқушының ӛз іс-әрекеті арқылы тәжірибені қабылдауы , меңгеруі, қолдануы . Осыдан, оқыту - бұл оқытушы мен оқушының ӛзара қарым-қатынасы арқылы білім, білік және тәжірибені меңгеруі. Оқыту – сабақ беру мен оқудың біріктірілген тұтас органикалық категориясы. Оқыту нәтижесінде адам жүйелі ғылыми білімді, фактіні, заңды меңгеріп, ӛз кӛзқарасы, ақыл-ойы шығармашылық қабілеті қалыптасады.
Тәрбие жалпы категория ретінде тарихи және мәдени тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру процесі болып табылады. Тәрбие – бұл қоғам талабына сай адам дамуын оның кӛзқарасын, органикалық, ақыл-ой және құлықтық қасиетін тұлға ретінде қалыптастыру. Тәрбие – тарихи түсінік. Тәрбиеші алдына тұлғаны табысты қалыптастыру міндетін қойған кезде мемлекет жүйелі және бірізді тәрбиелеу жүйесін жетілдіріп отырады. Бұл қоғам дамуының және ӛмір сүруінің негізгі құралы. Тәрбиеде даму заңдылықтары, тәрбиенің басқа ғылымдармен әлеуметтікэкономикалыпен, саясатпен және мәдениетпен байланыстары кӛрсетілген.
Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде қоғам ӛмірінің ажырамас бӛлігі ретінде бүкіл қоғамдық күштерді: жанұя, тәрбие және оқыту мекемелері, бұқаралық ақпараттарды біріктіреді. Бұл мемлекеттің әлеуметтік тапсырысы ретінде нақты мақсатты және міндетті шешуге арналған идеал мен құндылықтарды анықтайды. Тәрбиенің негізгі ӛлшеміне тұлғаның қасиеті мен сапасының сәйкестігі жатады.
Қазақстандағы қазіргі демократиялық қоғам талабына сәйкес тұлға дамуының түрлі қоғамдық қарым-қатынастарын жүзеге асыруға нақты база қалыптастырылған. Сонымен, «білім беру оқыту- тәрбиелеу» диалектикалық жүйесі тұлғаның қабілеті мен күшінің дамуына бағытталған. Тәрбиелеу, оқыту және білім берудің бірігуінің бастауы педагогикалық процесс болып табылады.
Педагогикалық процесс – бұл арнайы ұйымдастырылған, білім алу, білік пен тәжірибені меңгерумен және тұлғаның психологиялық, денелік дамуымен мақсатты бағытталған педагогтар мен білім алушылардың ӛзара іс-әрекеті.Оның негізінде педагогикалық іс-әрекет бірлігі ретінде және белсенді қабылдау мен меңгеру білім алушылардың ӛз белсенділігінің нәтижесінде мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасының ӛзгерісі жатыр. «Педагогикалық процестің» синонимі ретінде кӛбіне «оқу-тәрбие процесі», «білім беру процесі» қолданылады.
Педагогика ғылымы барлық ғылымдармен байланысты:философиямен, анатомиямен, физиологиямен, психологиямен, биологиямен, кибернетикамен тығыз байланысты. Сондықтан, педагогикада пәнаралық түсініктері – тҧлға, іс-әрекет, даму, қалыптастыру, қарым-қатынас жиі қолданылады.
Тҧлға – әлеуметтік адам, қарым-қатынас ӛнімі. Адам ӛмірге тұлға болып келмейді, ӛмір барысында тұлға болып қалыптасады. Тҧлға – бҧл нақты жеке және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері бар және ӛз кӛзқарасы мен қоршаған ортаға қарым-қатынасы қалыптасқан адам. Іс-әрекет- адам қажеттілігімен қызығушылығын қанағаттандыру мен тәжірибе жүзінде іске асыруға бағыттталған іс -әрекет жиынтығы.
Даму - адамның денелік және рухани күшінің жүйелі сандық және сапалық ӛзгерісінің объективті процесі.
Қалыптастыру - адамның қоршаған ортадағы ӛз орынын , қызметін, міндетін біліп қызметтік жетілдіру процесі.
Тұлғаны қалыптастыру процесі түрлі табиғи және қоғамдық, ішкі және сыртқы, ағымды және ережеге сәйкесті факторлар әсерінен жүзеге асады.
Қарым-қатынас – қатысымға түсетін адамның мінез-құлық, эмоционалды-ерікті, танымдық және мотивациялық аймағындағы ӛзгерістерге қол жеткізу мақсатын басшылыққа алатын және ықпал етудің әртүрлі шарттарының кӛмегімен жүзеге асатын іс-әрекет процесінде адамның ӛзара әсерлесуі.
Педагогика ӛзін-ӛзі тәрбиелеу және ӛзін-ӛзі жетілдіру процесін зерттейді.