БОӨЖ #2
«Психологияның міндеттері және адам туралы ғылымдар жүйесінде»
Орындаған: Жайынбай Жазира
Курс:1 курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 102Б
Қабылдаған:
Алматы, 2021
«Психологияның міндеттері және адам туралы ғылымдар жүйесінде»
Психологияның жалпы ғылыми бiлiмдер жүйесiндегi қызметi — зерттеу объектi адам болған барша ғылым салаларының жетiстктері бiрiктiрiп, байланыстыру. Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объектив дүниенiң адам миында қалай бейнеленетiнi, осыған орай оның əрекеттерi қалай реттелетiнi, психикалық қызметтiң дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттерi қалай қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив шындық бейнесi екенi белгiлi, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың адамның объектив өмiр шарттары мен қызметiне тəуелдiлiгiн тануға бағытталуы тиiс. Сонымен бiрге, адамдардың əрқандай iс-əрекетi барлық уақытта адам өмiрiн объектив жағдайларымен байланысып қалмастан, оның субъектив мезеттерiмен де қатынаста болады. Ғылыми психология барша психикалық құбылыстардың (қаншама күрделi болмасын) материалдық негiзi бас миы қыртысындағы уақытша байланыстар жүйесi болатындығына арқа сүйей отырып, субъектив жəне объектив жағдайлардың өзара ықпалды болатынын шынайы заңдылықты дəлелдеуге негiздеп бере алады. Осы байланыстардың түзiлуi жəне олардың қызметтес болуынан психикалық құбылыстар адам iс-əрекетiне ықпал жасап, оны реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз əсерiн тигiзедi. Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмiрi мен əрекетiнiң объектив жағдайларына тəуелдi заңдылықтарын аша отырып, психология осы əсерлердiң мидағы бейнелену механизмдерiн де айқындайды. Осыған орай, психология физиологиямен, дəлiрек айтсақ, жоғары жүйке қызметi физиологиясымен өте жақын байланыста болуы сөзсiз.
Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХIХ ғ. Басталған жаратылыстану ғылымдарымен бiрлкте зерттелуi үлкен маңызға ие болды. Осы байланыстың нəтижесiнде психологияға экспериментальдық əдi с ендi.(Г. Фехнер), рефлекторлық теория ашылды (И. М. Сеченов, И. П. Павлов). Қазiргi заман психология проблемаларының зерттелуiне Ч. Дарвиннiң эволюциялық теориясы да үлкен ықпалын тигiзiп, тiршiлiк иелерiнiң құбылмалы орта жағдайларына икемделудегi психиканың рөлiн анықтауға, жоғары психикалық əрекет формаларының қарапайым түрлерден туындайтынын түсiнуге мүмкiндк бердi.
Психолог жеткiлiктi дəрежеде өсiмдктер мен жануарлар тiршiлiг iндегi ерекшелктердi айыра бiлуi қажет. Əсiресе, бiртектi сулы ортада жасаған бiр жасушалылардың клеткалы өмip тұрпатынан қоршаған ортада белсендi бағдар-бағыттылықты талап ететiн құрылықтағы тiршiлiк иесi — көп жасушалылардың күрделi өмiр формасына өтудегi өзгерiстерiн анықтап бiлген жөн. Жəндiктер дүниесi мен жоғары омыртқалылардың тiршiлiк принциптерi арасындағы айырма-шылықтарды да бiлгенық маңызы үлкен. Икемделудін жалпы биологиялық принциптерiн бiлмей, жануарлар қылы-əрекеттерiнiң ерекше бiтiстерiн дəл түс iну мүмкiн емес, ал онсыз адамның күрделi формадағы психикалық əрекеттерiн ұғу биологиялық тұғырынан айырылады. Сонымен бiрге естен шығармайтын жəйт, психология ғылымының пəндк негiзiн құр айтын деректердi ешуақытта биологиялық деректермен баламаластыруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |