№ 6
Еңбек сабағы оқушылардың бәрі тегіс жұмыс жасауда. Тек
жалғыз Самат жұмысты орындамай отыр. Сіздің әрекетіңіз?
№ 7
Жаңа педагогикалық технологиялар тізімін жасаңыз.
№ 8
Үзіліс кезінде Серік коридордан әдемі қалам тауып алып, үн-
түнсіз қалтасына салып алды. Сіз онымен қалай сөйлесер едіңіз?
282
№ 9
Автобусқа отырған оқушы баланың қасындағы бос орынға жас
әйел келіп отырды. Келесі аялдамадан қарт әже трамвайға зорға
мініп, бұлардың қасына келді. Жас әйел оқушы бала орын беретін
болар деген оймен балаға қарап еді, ол терезеге қарап, әжейге
көз салмады. Әйел өзі тұрып орын берді. Оған жалт қараған бала
қызарып кетіп, әйелге өз орнын ұсынады.
Бала неліктен қызарды?
Әйел балаға ықпал ету үшін қандай әдіс қолданды.
№ 10
4-сынып оқушысының мамасы мұғалімге келіп баласының өзін
әркезде алдап істейтіні туралы айтты, мұғалім мұндай хабарға елең
етті, себебі ол мұғалімді немесе қасындағы жолдастарын алдап
көрген емес.
1. Не себепті мектепте алдау дегенді білмейді, ал мамасын алдауы
мүмкін.
2. Мұғалім баланың апасына қандай кеңес беруі мүмкін.
№ 11
Класс бөлмесін тазарту жұмысын аяқтаған соң, алтыншы класс
оқушылары түгел киноға баруды ұйғарады. Мектеп директоры
келіп, коридорды жинауға көмектесу керек екенін айтты.
Балалармен қалай әңгіме жүргізесіз?
№ 12
4-кластың оқушылар ұжымында әртүрлі іс-әрекетке байланысты
мамандар тобы пайда болды. Олар: “эрудиттер”, “спортсмендер”,
“артистер”, “жұмысшылар”, “шопандар”, “мұғалімдер”.
Бұл топтар неліктен және қандай жағдайларға байланысты
пайда болған деп ойлайсыз?
Бұл топтармен қандай жұмыстар жүргізуге болады деп
есептейсіз?
№ 13
- Сен неге бүгін күні бойы мектептен шықпай қойдың?
- Тек мені ғана емес, бәрімізді де қамап койды.
- Кім сендерді қамады? Тағы бірдеңені “бүлдіргенсің ғой?
283
- Жоқ, ештеңе де бүлдірген жоқпын. Бізді жібермей, бәрімізді
хор репитициясына апарады.
- Қашаннан бері сен әншілікке жазылып едің?
- Мен жазылған жоқпын, мені қуып апарды. Не дейсің, қуып
апарғаны қалай?
- Туу апа, қандай түсіне алмайтын адамсыз.
- Оқу ісінің меңгерушісі сыртқы есіктің алдынды тұрды да, киім
ілгіштің жанында тұрды. Бізді сабақтан кейін қатарға тұрғызды да,
залға тура алып келіп өлең айтқызды.
- Ал енді мұның несі жаман?
- Мені зорлап ән айтуға мәжбүр етті, ал мен өлең айтуды
сүймеймін. Осы диалогта баланың қандай психологиялық ерекшелігі
көрінеді? Осы ерекшелікті баланың анасы және мектеп педагогтары
қалай ескеріп отыр?
Сіздің пікіріңіз қандай?
№ 14
4-а класына басқа мектептен үш қиын оқушы қабылданды.
Класс мүшелері араларында іріткі туып, оқушылар топ-топқа
бөліне бастады. Тәртіп те төмендеді. Класс жетекшісі кластағы
беделді балаларға сүйеніп, қиын балаларды тәртіпке шақырып,
класс дәстүрін мойындауға мәжбүр етті.
Ал, 4-б класында, осындай педагогикалық жағдайда класс
жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап, балалар ұжымы бұл істен
сырт қалды.
Қиын оқушылардың тәртіпсіздігі туралы шағымдар басқа
мұғалімдерден түсе берді. Класс «қиын класс» деп аталды.
Сұрақ: ұжымдағы тәрбие жұмысындағы класс жетекшілерінің
іс-әрекеттерін салыстырыңыздар. Өз іс-тәжірибеңізде қай әдісті
қолданған болар едіңіз?
№ 15
Музыкалық білімі бар анасы баласын алты жастан рояльды
ойнауға үйретті. Бастапқыда баланың музыкаға деген
қызығушылығы басым болды. Сегіз жасынан бастап музыка
мектебіне қабылданды. Осындай мүмкіндігіне қарамастан оның
музыкаға деген ынтасы бірте-бірте төмендеп кетті. Бірақ анасы оны
көндіруге тырысты, оқуға мәжбүр етті, жазалады. Анасы дұрыс
істеді ме?
284
Достарыңызбен бөлісу: |