Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет51/126
Дата30.09.2023
өлшемі3,31 Mb.
#111935
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126
Байланысты:
httprmebrk.kzbilimassociationjusipova-pedagogikalyk-sheber.pdf 2

4

Этика
– мораль туралы ғылым. “Этика” терминін б.з.б. ІV 
ғасырда Аристотель енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы 
ілім деп көрсетті.
Этика – мораль туралы түсінік береді, оны түсіндіреді және 
моральға үйретеді.
Этика - педагогтың бір ерекше қасиеті. Этиканың орысшасы 
«такт», латынша «тактус». Ол арабтың сыпайлылық, ізеттілік деген 
сөзіне келеді. Біз мұны этика деп алып жүрміз. 
Сонымен, «
Этика -
белгілі моральдық нормалар мен 
принциптерді бұлжытпай орындау. Егер моральдық нормалар 
мен принциптер кісінің бойына сіңсе, олар адамдардың этикалық 
қасиеті, не этикалық сезімі болып саналады. Этика - өте қажетті 
қасиет, сезім мүшелерінің негізгі белгісі». 
Синица И. Е. «Педагогтік этика және педагогтік шебрлік» деген 
еңбегінде: «
Педагогтік этика 
- мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. 
Қай-қай мамандықтың да белгілі бір айрықша белгісі болатынын 
өздеріңізде білесіздер. Ол белгілі адамның ұйреншікті әдісінен, 


150
сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқау мүмкін. Мұғалім 
кәсібінің ерекшелігі ең алдымен, оның педагогтік әдісіне жатады. 
Әнші үшін үн, ал мұғалім үшін педагогтік әдеп сондай қажет», 
-дейді.
Педагогикалық әрекет этикасы жай ғана сыпайлық білдіру 
ғана емес, ол шығармашылық, ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-
құлықтың, 
саналы 
іс-әрекеттің, 
білімділікпен 
іскерліктің 
жиынтығы. Педагогтың әрбір қадамында, баламен арақатынасында 
сезгіштік, байқампаздық, салмақтылық, ұстамдылық, ілтипаттық, 
кешірімділік, талап қоя білу, адамға сенім арту, ынталы ықыласты 
болу, талас-тартыс туған жағдайда әділдік, адалдық көрсету, бала 
жүрегіне жол таба білу, оны тыңдай білу, түсіне білу ұстаздық этика 
белгілеріне жатады. 
Бүгінгі күні педагогтарға қойылатын талаптардың бірі - 
оның өзі тарапынан оқушымен, ата-аналармен, әріптестерімен 
демакратиялық, гуманитарлық тұрғыда қарым-қатынас жасау 
арқылы педагогтық ынтымақтастықты жүзеге асыра білу. Мұның 
бәрі педагогикалық этиканы сақтауды талап етеді. 
Сонымен, этика - адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас 
жасауына қажетті жағдай жасау. 
Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық істе де таланттар 
сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауынада болады. 
Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс. 
Кәсіби этика – еңбектің моральдың бір түрі, ол әр түрлі мамандық 
иелеріне тән моральдық нормалар, мінез-құлық ережелері және 
моральдық бет-бейнесі туралы бағалау түрінде көрініс табады.
Кәсіби этиканың мәні мен маңызы – кәсіби міндеттерді сәтті 
орындауға әсер етеді, кәсіби мақсаттар мен міндеттерге жету 
әдістерін, құраладарын таңдауға мүмкіндік береді.
Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі:
- Еңбек объектісі – адам;
- Педагог адамның болашағы үшін үнемі адамгершілік 
жауакершілікте;
- Педагог еңбегі психологиялық және ұйымдастырушылық 
жағынан күрделі;
- Педагог адамды адамгершілікке тәрбиелеу үлгісі, ол жоғары 
адамгершілік идеалы.


151
Кәсіби этика – ұжымда моральдық микроклимат орнатады, 
тұлғаның моральдық денсаулығын қамтамасыз етеді, қоғамда 
моральдық атмосфераның қалыптасуына әсер етеді.
Педагогикалық этика кәсіби этика түрінде көрініс табады. 
Кәсіби этиканың зерттеу пәні – кәсіби мораль, оның ерекшеліктері, 
қалыптастыру жағдайлары, нақты тарихи жағдайлардағы даму 
заңдылықтары.
Кәсіби мораль белгілі бір кәсіби іс-әрекет түріне тән жалпы 
адагершілік принциптерді нақтылайды.
Кәсіби этканың міндеттері
:
Теориялық міндеттер тұлғаның адамгершілік қажеттіліктерін, 
моральдық құндылықтары және бағдарлануын қалыптастыру 
процесі туралы зерттейді, оны қалыптастыру механизмдерін, 
педагогтың бұл механизмге әсерін қарастырады.
Практикалық міндеттер – моральдық құндылықтарды 
қалыптастырудың тиімді тәсілдері мен жолдарын таңдауға 
көмектеседі.
Педагогикалық этика мұғалімге педагогикалық ұжымдағы 
конфликтерді шешуге көмектеседі, моральдық конфликтерді 
шешу тәсілдерін үйретеді, олардың алдын алу жолдарымен 
қаруландырады.
Педагогикикалық этиканың категориялары:
- Кәсіби парыз;
- Педагогикалық әділеттілік;
- Кәсіби ар-ождан;
- Педагогикалық ар-намыс;
- Педагогикалық такт;
- Жауапкершілік;
- Ар-ождан;
- Бедел. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет