78
2-сурет. Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері
Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктерінің бір бөлігі –
мақсат. Мақсат – педагогикалық іс-әрекеттің жүйе құрушы факторы
рөлін атқарады (А. Н. Леонтьев). Педагогикалық іс-әрекеттің
мақсаты - оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, нәтижесін анықтау. Олар
мақсатқа тікелей тәуелді болады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсаттарын жүзеге
асырумен байланысты. Бүгінгі уақытта тәрбиенің негізгі мақсаты –
үйлесімді дамыған жан-жақты тұлғаны қалыптастыру.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – ол тарихи құбылыс. Ол
әлеуеметтік даму қарқынына байланысты өзгеріп отырады. Ол
қоғамдық дамудың объективті тенденциясы ретінде пайда бола
отыра, қоғамның қажеттіліктеріне қарай педагогикалық іс-әрекеттің
мазмұны, формасы және әдістеріне сәйкестендіре отырып, ең
жоғары мақсатқа жетудің кезеңдік бағдарламасы құрастырылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі
функциональды бірлігі
–педагогикалық әрекет. Педагогикалық
әрекетті мақсат пен
мазмұнның біртұтастығы ретінде түсіндіруге болады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні – мақсат, мотив, әрекет,
нәтиженің біртұтастығында, ондағы мақсат жүйе құрушы сипатқа
ие болады (А. Н. Леонтьев).
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет қоғам арнайы ұйымдастырған
келесі мекемелерде жүзеге асады:
• Мектепке дейінгі білім беру мекемелері;
• Орта білім беру;
• Орта арнаулы оқу орындары;
•
Жоғары білім беру;
• Қосымша білім беру;
• Біліктілікті арттыру және қайта даярлау.
Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері (Н. В. Кузьмина
бойынша):
1-деңгей – продуктивті емес – педагог өз білгенін өзгелерге
79
айтып бере алады;
2-деңгей – аз продуктивті – бейімделуші, педагог өз хабарламасын
аудитория ерекшелігіне бейімдей алады;
3-деңгей - орташа продуктивті – педагог оқушыларды курстың
әр
бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету
стратегияларына ие;
4-деңгей – продуктивті – жалпы пән бойынша оқушылардың
білім, іскерлік, дағдыларын жүйелі қалыптастыру іскерліктерін
меңгерген;
5-деңгей – жоғары продуктивті –
педагог оқушы тұлғасын
қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту
қажеттіліктерін құралдарын меңгерген.
Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік маңызды іс-әрекеттердің
маңызды бір түрі. Бұл іс-әрекет түрі құрылымы жағынан күрделі
жүйені құрайтын іс-әрекет болып табылады. Педагогикалық
іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады:
конструктивті,
ұйымдастырушылық, коммуникативті іс-әрекеттер.
Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Конструктивті іс-әрекет
Ұйымдастырушылық іс-әрекет
Коммуникативті іс-әрекет
1
.
Консруктивті-
мазмұндық;
2. Консруктивті-
оперативті;
3. Конструктивті-
матералдық
Оқушыларды әр түрлі
іс-әрекетке қосуға
ұжымды
қалыптастыруға
бірлескен іс-әрекетті
ұйымдастыруға
бағытталған
шаралар жүйесі
Педагогтың
тәрбиеленушімен,
мұғалімдермен,
ата-аналармен
педагогикалық
қарым-қатынас
орнатуға бағытталған
іс-әрекеті
Достарыңызбен бөлісу: