Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011


-сурет. Іс-әрекет категориясының түсініктері



Pdf көрінісі
бет25/126
Дата30.09.2023
өлшемі3,31 Mb.
#111935
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   126
Байланысты:
httprmebrk.kzbilimassociationjusipova-pedagogikalyk-sheber.pdf 2

1-сурет. Іс-әрекет категориясының түсініктері
Адам іс-әрекетінің құрылымы қажеттілік, мотив, мақсат, міндет, 
әрекет, операциялар жиынтығынан құралады. Ғылыми білім 
категориясы ретінде іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар, соның бірі 
педагогикалық іс-әрекет. 
Педагогикалық іс-әрекет – адам іс-әректінің ерекше түрі, басқа 
іс-әрекет түрлерімен салыстырғанда ол мақсатқа бағыттылық 
сипатқа ие болады. 
Педагогикалық іс-әрекет
– аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат 
жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың 
тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік 
рөлдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше 
түрі.
Педагогикалық іс-әрекет дамудың шарты мен негізі ретінде 
оқушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеруіне 
бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіндіру үшін оның 
құрылымына талдау жасау қажет. Педагогикалық іс-әрекетті іс-
әрекеттің мақсаты, мотивтері, әрекеттер (оперативтер), нәтиженің 
бірлігі ретінде көрсетуге болады. Төменде педагогикалық іс-
әрекеттің құрамдас бөліктері көрсетілген: 


78
2-сурет. Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері
Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктерінің бір бөлігі – 
мақсат. Мақсат – педагогикалық іс-әрекеттің жүйе құрушы факторы 
рөлін атқарады (А. Н. Леонтьев). Педагогикалық іс-әрекеттің 
мақсаты - оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, нәтижесін анықтау. Олар 
мақсатқа тікелей тәуелді болады. 
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсаттарын жүзеге 
асырумен байланысты. Бүгінгі уақытта тәрбиенің негізгі мақсаты – 
үйлесімді дамыған жан-жақты тұлғаны қалыптастыру. 
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – ол тарихи құбылыс. Ол 
әлеуеметтік даму қарқынына байланысты өзгеріп отырады. Ол 
қоғамдық дамудың объективті тенденциясы ретінде пайда бола 
отыра, қоғамның қажеттіліктеріне қарай педагогикалық іс-әрекеттің 
мазмұны, формасы және әдістеріне сәйкестендіре отырып, ең 
жоғары мақсатқа жетудің кезеңдік бағдарламасы құрастырылады. 
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциональды бірлігі 
–педагогикалық әрекет. Педагогикалық әрекетті мақсат пен 
мазмұнның біртұтастығы ретінде түсіндіруге болады. 
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні – мақсат, мотив, әрекет, 
нәтиженің біртұтастығында, ондағы мақсат жүйе құрушы сипатқа 
ие болады (А. Н. Леонтьев). 
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет қоғам арнайы ұйымдастырған 
келесі мекемелерде жүзеге асады:
• Мектепке дейінгі білім беру мекемелері;
• Орта білім беру;
• Орта арнаулы оқу орындары;
Жоғары білім беру;
• Қосымша білім беру;
• Біліктілікті арттыру және қайта даярлау.
Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері (Н. В. Кузьмина 
бойынша): 
1-деңгей – продуктивті емес – педагог өз білгенін өзгелерге 


79
айтып бере алады;
2-деңгей – аз продуктивті – бейімделуші, педагог өз хабарламасын 
аудитория ерекшелігіне бейімдей алады;
3-деңгей - орташа продуктивті – педагог оқушыларды курстың 
әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету 
стратегияларына ие;
4-деңгей – продуктивті – жалпы пән бойынша оқушылардың 
білім, іскерлік, дағдыларын жүйелі қалыптастыру іскерліктерін 
меңгерген;
5-деңгей – жоғары продуктивті – педагог оқушы тұлғасын 
қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту 
қажеттіліктерін құралдарын меңгерген.
Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік маңызды іс-әрекеттердің 
маңызды бір түрі. Бұл іс-әрекет түрі құрылымы жағынан күрделі 
жүйені құрайтын іс-әрекет болып табылады. Педагогикалық 
іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады: конструктивті
ұйымдастырушылық, коммуникативті іс-әрекеттер. 
Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Конструктивті іс-әрекет
Ұйымдастырушылық іс-әрекет
Коммуникативті іс-әрекет
1

Консруктивті- 
мазмұндық; 
2. Консруктивті- 
оперативті; 
3. Конструктивті- 
матералдық
Оқушыларды әр түрлі
іс-әрекетке қосуға 
ұжымды
қалыптастыруға 
бірлескен іс-әрекетті 
ұйымдастыруға
бағытталған
шаралар жүйесі
Педагогтың
тәрбиеленушімен,
мұғалімдермен, 
ата-аналармен 
педагогикалық
қарым-қатынас 
орнатуға бағытталған
іс-әрекеті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет