Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011


Педагогикалық шеберліктің элементтері



Pdf көрінісі
бет15/189
Дата31.12.2021
өлшемі1,89 Mb.
#22329
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   189
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

Педагогикалық шеберліктің элементтері
Гуманистік 
бағытталған-
дығы 
Кәсіптік 
білімдері
Педагогикалық 
қабілеттері 
Педагогика-
лық техника
Қызығушылығы 
Құндылықтары
Мұраттары 
өз пәнін, оны 
оқытудың 
әдістемесін, 
педагогиканы, 
психологияны 
білу
Коммуникатив-
тілігі: адамға 
деген оң қатынасы, 
тілектестігі, пер-
цептивтігі, кәсіптік 
байқағыштығы, 
педагогикалық 
интуициясы. 
Динамизмі: 
еріктік әрекетке, 
логикалық 
сендіруге 
қабілеттілігі.
Эмоционал-дық 
орнықтылығы: 
өзін-өзі меңгеруі
оптимистік болжау.
Креативті-лігі: 
шығармашылыққа 
қабілеті
Өзін-өзі басқара 
білу іскерлігі
өзара әрекет 
жасау іскерлігі 
Мынадай түрлерге ажыратылады:
- гностикалық (тани білу және танымнан қанағат алу бірлігі);
- дидактикалық (білімді түсіндіру, бере білу және оқыту білігі);
- коммуникативтік (қарым-қатынас жасау, ынтымақтасу білігі);
-  ұйымдастырушылық  (тәрбиеленушілерді  алуан  түрлі  іс-әре-
кеттерге қосу, оларда оған деген қызығушылықты шақы ру,өкілеттік 
беру,  барлық  қатысушыларды  біріктіру  және  олар дың  қызы-
ғушылығын қойылған мақсаттарды іске асыруға бағыттау білігі);
- перцептивті (баланың ішкі әлеміне ену, олардың қобалжыған 
сезімін және күйін, қабілеті мен эмоциясын түсіну білігі);
-  болжамдық  (педагогикалық  болжай  білуді  жүзеге  асыру, 
педагогикалық іс-әрекетте өзара әрекет нәтижесін болжамдау білігі);
-  суггестивті  (мұғалімнің  эмоционалды-жігерлі  иландыруы, 
оның  бекем  қайратты  сөзі  көмегімен  ықпал  етудің  қажетті 
нәтижесіне жету білігі);


29
- экспрессивті (өзінің білімі мен нанымын эмоционалды және 
мәнерлі етіп бере алу, мұғалімнің әртістігі, сөйлеудің көп бейнелі 
интонациясын, ымды, қозғалысты, икемділікті меңгеру білігі).
Педагогикалық шеберліктің бар немесе жоқтығын анықтау үшін 
И. А. Зязюн мынадай критерийлерді белгілеген:
- мақсатқа лайықтылығы (бағытталғандығына қарай) 
-  өнімділігі  (нәтижесіне  қарай  білімдік,  тәрбиеленгендік 
дәрежесі)
- оптимальдылығы (әдістерді, құралдарды таңдауына қарай )
- шығармашылығы (іс-әрекеттің мамұнына қарай)
Сонымен, болашақ мұғалімдердің кәсіби білімін қалыптастыру 
қазіргі  кезеңде  кәсіби  білім  беру  жүйесін  дамытудың  мазмұнды 
сұраныстары  және  даярлық  жұйесіндегі  сәйкес  мазмұнды 
қарастыруға, кездесетін қайшылықтарды жеңуге бағытталады.
Тұлғаның өзін-өзі кәсіби – шығармашылық дамыту мұғалімнің 
өзіне  маңызды  және  шығармашылықпен  қабылданған  сыртқы 
факторларға негізделген саналы тұлғалық қалыптасу үрдісі болып 
табылады.  Ол  мұғалімнің  өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  ұйымдастыру,  өз 
бетімен білім алу механизмдері арқылы жүзеге асырылады. Мұнда 
шығармашылық  пен  ой-өріс  осы  үрдісте  үдету  тәсілдері  ретінде 
қолданылады.
Мұғалімнің  кәсіби  білімі  –  мұғалімнің  әлеуметтік  тәжірибені 
меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-
өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен 
қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.
Кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге 
тиісті міндеттері:
- жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне 
оқыту;
- оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға 
үйрету;
-  оқушыны  өзін  өзі  ұйымдастыруға  үйретіп,  өз  бетінше  өмір 
сүрудің нақты жолын көрсету;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет