Африкаға дейiн жеткен. Сарматтардың қоғамдық өмiрi мен шаруашылығы,
тұрмысы және материалдық мәдениетi олардың жерлеу ескерткiштерiнiң
материалдары негiзiнде зерттелген. Қарапайым сарматтардың қабiрлерi обаның
астында орналасқан катакомба немесе жабатын бөренелердi ұстап тұруға
арналып қалдырылған иықшасы бар тiк шұңқырдан тұрады. Сармат
патшаларының жерлеулерi байлығы жағынан скифтердiкiнен кедейлеу.
Дегенмен, асыл металлдардан жасалған құнды заттары мен бұйымдары мол
қабiрлер де кездеседi. Новочеркаск қаласының маңындағы Хохлач обасынан
патшаның әйелiнiң немесе тұтқын әйелiнiң қабiрi табылды. Қабiрден, сырттан
алып келiнген ыдыстар, күмiс заттар, алтын мен қоладан жасалған зергерлiк
бұйымдар – алқа, кубок, бiлезiк және құты шықты. Олардың көпшiлiгi аң
стилiнде өрнектелген. Жоғарғы жағында ешкi, бұғы, өсiп тұрған ағаш
бейнеленген, ал ортасында – халседоннан салынған әйелдiң басы бар
диадеманы ерекше айтуға болады. Кезiнде киiмдерге тiгiлген алтын iлмешектер
қабірлердiң байлығын хабарлайды. Сарматтардың қарулары скифтердiкiнен
өзгеше. Ұзын семсерлерi ат үстiнен шабуға икемдi. Қанжарларын қайыспен
аяғына байлаған. Жебенiң ұштары скифтердiкiндей үш қанатты, бiрақ үлкен.
Сармат тайпаларының шығыс бөлiгi Батыс Қазақстанның жерiн мекендеген.
Олардан қаншама обалы жерлеулер қалған. ХХ ғасырдың 60-жылдары
сарматтардың Қара оба, Жанқала, Лебедевскі секілді жерлеу ескерткіштері
зерттелді. Сарматтардың жерлеулерінен темірден жасалған найзаның ұшы, ұзын
семсер, екі жағы жүзделген қанжар, мыс қазан, зоаморфты стильде
безендірілген құмыра және әртүрлі қыш ыдыстар, шебер безендірілген
атәбзелдері табылды. Әйелдердің қабіріне қару-жарақпен қатар түрлі асыл
тастардан (сердолик, янтар, хрусталь, т.б.), сүйектен, алтын,күміс, қоладан
жасалған әшекей заттары да қойылған. Көп жағдайда тонауға ұшыраған
қабірлерде матадан және былғарыдан тігілген киімдердің үстінен тігілген, түрлі
формадағы алтын ілмешектердің қалдықтары шыққан. 1999 жылы Аралтөбе
(Атрау обл.) обадан табылған батырының қабiрi кезiнде тоналғанына қарамай
сарматтардың мәдениетiн және қоғамдық тұрмысын көрсететін мол материал
бердi. Батырдың семсерi мен қанжарының қындары, асатаяғының басы, жебе
салатын құтысының (қорамса) сырты алтынмен апталған. Ал үстiндегi киiмiнiң
сыртынан ромба тәрiздес алтын iлмешектер тiгiлген. Герасимов зерханасында
қалпына келтiрiлген батырдың бас сүйегi сарматтардың нәсiлдiк тегiн
анықтауға көмектеседi.
Кезiнде скифтердiң жойылуына себепшi болған сармат тайпасы б.з. Ш
ғасырда шығыстан қоныс аударған тайпалармен бірге, ғұндармен қосылып,
батысқа қарай жылжып, Еуропаға дейін жеткен деген мәліметтер бар.
Достарыңызбен бөлісу: