үңгірінен тапқан неандерталь баланың сүйегі. Неандерталдықтар орта бойлы,
үлкен де ауыр басты, кең де мығым жауырынды және кішкене еңкіштеу келетін
өзіндік бітімімен ерекшеленеді. Неандерталдықтар үңгірлерді баспана ретінде
пайдаланып, отты қалай жағуды игерді және тас еңбек құралдардың едәуір
жетілген түрін жасай білді. Ежелгі адамдардың үлкен аймаққа таралуы бірқатар:
еуропалық классикалық, азиялық дамыған неандерталдар және африкалық
палеантроптар деп бөлінетін түршелердің шығуына әкелді. Осындай ашылулар
адамның эвалюциялық қалыптасу үдерісі құрлықтың көптеген аймақтарында
қатар жүргендігін аңғартады. Тек Америка мен Австралия құрлығынан көне
адамдардың қаңқалары табылмаған. Ол құрлықтарда адам тектес маймылдар
болмаған деген ой туғызады.
Қазіргі адамдардың ежелгі бабаларының алғашқы мекені мен нәсілдік
пішіннің пайда болуы туралы ортақ пікір жоқ. Осыған байланысты ғылымда екі
көзқарас:
полицентризм мен моноцентризм
қалыптасқан. Алғашқы көзқарас
бойынша адамның қалыптасу үдерісі ғаламшардың бірнеше бөлігінде жүрген.
Еуропа, Азия, Африка және Австралия құрлықтарында
европойдтық,
моңғолойдтық, негройдтық және австролойдтық
нәсілдер өзара дербес
қалыптасып дамыған. Моноцентристік көзқарастың өкілдерінің пікірінше
барлық нәсілдер ол баста Солтүстік-Шығыс Африка, Алдыңғы және Оңтүстік
Азияны қамтыған үлкен аймақты мекендеген ежелгі адамдардың бір ғана
тармағынан таралған. Оларда қазіргі кездегі нәсілдердің белгілері болмаған.
Нәсілдік ерекшеліктер адамдар құрлықтың әртүрлі бөліктеріне таралып,
түбегейлі тұрақтаған кезде біртіндеп, географиялық жағдай мен ауа райына
бейімделу барысында пайда болған.
Соңғы кезде ғалымдардың арасында адамның қалыптасуы екі аймақта:
Солтүстік-Шығыс Африка және Оңтүстік-Батыс Азияда жүрген деген көзқарас
айтылып жүр. Экватордың теріскей бетіндегі осы тропиктік жерлерде ежелгі
адамдардың қаңқалары көп табылған.
Достарыңызбен бөлісу: