Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі


Үшінші кезең
 
(ХХ ғасырдың 30 – 60-жылдары) – ғылымдағы тоталитаризм
кезеңі. Бұл – археологияны идеологиялап, оған марксистік және большевиктік 
пиғылдарды енгізу кезеңі. Археологиядағы сталинизм және оның көрінісі 
«лысенковщина» ғылыми еркін пікірдің жойылуына әкелді. ХХ ғ. басындағы 
ғылымда қалыптасқан әртүрлі археологиялық мектептер жойылып, көптеген 
ғалымдар репрессияға ұшырады, солардың қатарында С.Теплоухов, Б.Петри, 
С.Руденко, М.Грязнов, т.б. бар еді. Г.Мергарт өз еліне кетті. Өлкетану ісінің 
сипаты өзгерді. Оның құрамынан археология мен этнография жойылды, 
музейлер социалистік құрылыстың жетістіктерін уағыздауға ыңғайластырылып 
қайта жабдықталды. Аймақтарда қалыптасқан археологиялық ғылымдар Мәскеу 
мен Ленинград секілді орталық қалаларға шоғырланды. Жергілікті археолог 
ғалымдар жоқтың қасы болатын. Одақтас республикалардағы археологиялық 
зерттеулерді бірнеше онжылдықтар бойы Мәскеу мен Ленинградтың 
экспедициялары жүргізді. Ресейдің шеткі аймақтарының ежелгі тарихын 
зерттеуде ұлттық теріс пиғылмен бұрмалаушылықтарға орын берілді. Қазбадан 
табылған ерекше өнер туындылары мен зергерлік бұйымдарды сырттан 
әкелінген деп, жергілікті тұрғындардың дәстүрлі мәдени сабақтастығын жоққа 
шығару әдетке айналды.
Археологиялық зертеулердің бір орталықтан ғана басқарылатын кеңестік 
жоспарланған жүйесі қалыптасты. Кеңес аймағында жүргізілетін барлық 
археологиялық, этнографиялық зерттеулерді тек орталықтарда ұйымдас 
тырылған экспедициялар жүргізді. Урал мен Еділ өңіріндегі, Сібір, Қиыр 
Шығыс, Орта Азия мен Қазақстанда жүргізілген зерттеулерді Мәскеудегі 
Материалдық мәдениет институты мен оның Ленинградтағы бөлімі 
ұйымдастырды. Солардың қатарында Днепрдегі, Волгоградтағы, Жоғарғы 
Обтағы, Ангарадағы, Красноярдағы су қоймаларының орнын зерттеуге 
бағытталған археологиялық экспедициялар, Оңтүстік Түрікмен кешенді 
археологиялық экспедиция (ОТКАЭ), Қырғыз археолого-этнографиялық 
экспедициясы (КАЭЭ), Тува кешенді археолого-этнографиялық экспедициясы 
(ТКАЭЭ), Прибалтика біріккен кешенді экспедициясы (ПБКЭ), Хорезм 
археолого-этнографиялық экспедициясы (ХАЭЭ), т.б. экспедицияларды айтуға 
болады.
Қазақстан жерінде орталықтан ұйымдастырылған бірнеше экспедициялар 
жұмыс істеді. 1930 жылы Б.Н. Граков Қазақстанның солтүстік облыстарында 
зерттеу жүргізді. 1930 – 1936 жылдары О.А. Кривцова-Гракова Қостанай 
облысында Алексеевка ауылының маңындағы қола ғасырының бірқатар жерлеу 


орындары мен қоныстарын, тасаттық орындарын зерттеді. 1932 – 1933
жылдары Материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік академиясының 
(Ленинград) П.С. Рыков басқарған экспедициясы Орталық Қазақстанның көне 
ескерткіштерін зерттеуді бастады. Экспедиция мүшелері М.П. Грязнов, М.И. 
Артомоновтар қола дәуірінің обалары мен қоныстарын, сақ қорымдарын ашып, 
қазба жүргізді. 1935 – 1938 жылдары КССРО ҒА Материалдық мәдениет 
тарихы институтының С.С. Черников басқарған экспедициясы Шығыс 
Қазақстанда кешенді зерттеулер жүргізді. Алтын, мыс және қалайы өндірілген 
байырғы кен орындары ашылды. Қола дәуірі мен ерте темір ғасырының 
бірқатар ескерткіштері ашылды. Сақтардың әйгілі Шілікті қорымы осы кезде 
қазылды. Осы жылдары Қарағанды облысында археологиялық барлау жүргізген 
С.В. Киселев Бесоба мен Жаңа ауыл маңында археологиялық ескерткіштердің 
үлкен тобын ашты. Атақты «мұртты обалар» алғаш осы кезде табылған 
болатын. 1938 жылдан бастап соғыс басталғанға дейін Қазақстанның 
оңтүстігінде А.Н. Бернштам басқарған Жетісу археологиялық (Ленинград) 
кешенді зерттеулер жүргізді. Экспедиция Жетісудың, Шу мен Талас өңірінің 
археологиялық ескерткіштерін зерттеді. 
Ғылымды әдістемелік тұрғыдан сипаттау өзгеріске ұшырады. Этнографиялық 
көзқарас ұмытылды. Тарих ғылымы тұтастай, ал археология жартылай 
идеологиялық біркелкілік сипат алды. Марксистік әдістеме ретінде жарияланған 
эволюционизм археология саласында үстемдік жүргізді. Типологиялық әдіс 
эвалюциялық концепцияға едәуір толық жауап беретін ғылыми-зерттеудің 
тәртібіне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет