Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

 
3-тарау. Темір ғасыры 
Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның ерте темір ғасыры ...................................................116 
Таулы Алтай мен Оңтүстiк Сiбiрдiң сақ тайпалары ..............................................................118 
Аржан мен Пазырық обалары ……………………………………………………………….120 
Қазақстанның ерте көшпелі тайпалары
..................................................................................126 
Қырым мен Қара теңiздiң солтүстiк жағалауындағы скифтер …........................................132 
Савраматтар мен сарматтар …………………………………………………………………138 
Еуразия даласының орманды аймақтарының ерте темір ғасыры .........................................142 
4-тарау. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның ежелгі құлиеленуші және 
феодалдық қоғамдарының археологиясы
Құлиеленуші Урарту мемлекеті ............................................................................................148
 
Қара теңiздің Солтүстiк жағалауларындағы антикалық қала
мемлекеттер археологиясы ......................................................................................................152 
Орта Азияның құл иеленуші және феодалдық қоғамдарының
археологиялық ескерткіштері ..................................................................................................159 
Ежелгі славян археологиясы ....................................................................................................166 
Негізгі археологиялық терминдер сөздігі .........................................................................171 
 


АЛҒЫ СӨЗ 
КСРО кезінде жоғары оқу орындарының тарих, археология және этнология 
мамандықтарының студенттеріне арналған «Археология» курсы жалпыға 
бірдей міндетті пән болатын. Одақ ыдырағаннан кейін осы курстың жоғары 
мектеп бағдарламасында сақталып қалуы пәннің қажеттілігін көрсетеді. 
Шығыс Еуразия жерін ежелгі заманнан бері мекендеп келе жатқан халықтардың 
тарихи тағдыры өзара тығыз байланысты. Олардың материалдық мәдениеті мен 
этникалық тегінде, саяси-экономикалық өмірі өзара ықпалда дамыған.
Сондықтан айтылған кеңістіктегі тарихи үрдістің қалыптасып, даму 
жолдарымен қатар тіршілік кешкен көптеген археологиялық мәдени 
қауымдастықтардың өзара мәдени, экономикалық және саяси ықпал, этникалық 
байланыста жүргендігін зерттеу – болашақ тарихшы мамандарды оқытуда
қажет те маңызды мәселе.
Қазақ тілінде алғаш жарық көріп отырған осы оқулық кеңес өкіметі кезінде 
кеңінен қолданыста болған «Основы археологии», «Археология СССР», 
«Археология» (орыс тілінде) оқулықтары мен ғылыми монографиялар 
материалдары негізінде ұлттық археология материалдармен толықтырыла 
отырып жазылды. Оқулық жазу барысында кеңес дәуірінде зерттелген 
археологиялық ескерткіштердің материалдары мен жекелеген кезеңдерді 
зерттеу нәтижесінде жазылған монографиялық еңбектердің тұжырымдары
пайдаланылды. 
Елімізде егемендік алғана бері археологияға қатысты оқулық екі рет қана 
басылып шықты. Олар: К.М. Байпаков, Ж.Қ. Таймағамбетов, Т.Ж. 
Жұмағанбетовтердің «Археология Казахстана» (1994 ж.) және К.М. Байпаков 
пен Ж.Қ. Таймағамбетовтің «Археология Казахстана» (2006 ж.) атты 
оқулықтары. Осы оқулықтардың алғашқысы қазақ тіліне аударылып, 2006 
жылы қайта басылды. Бұл еңбектердің таралымы шамалы және тек 
Қазақстанның ғана археологиясына арналған. Ал, қолдарыңыздағы оқулық 
Шығыс Еуразияның археологиясын қамтиды және қазақ тілінде алғаш жарық 
көріп отыр. Археология пәні жоғары оқу орындарының гуманитарлық 
мамандықтарының көпшілігіне оқылатын болғандықтан қазақ тілінде жазылған 
осындай оқулықтар көптеп әзірленуі тиіс. Оқулықтардың көбеюі олардың 
сапасының жақсаруына көмектеседі және оқырманның немесе студенттің 
шынайы және ғылыми негізде жазылған оқулықты таңдау мүмкіндігін 
арттырады.
Оқулықта Еуразия кеңістігінің археологиясы мүмкіндігі болғанша тең 
дәрежеде қамтылды. Сондай-ақ еліміздің археологиясына да едәуір орын 
берілді. Қазақстан археологиясына қатысты материалдар К.А. Ақышев, К.М. 
Байпақов, Ж.Қ. Таймағамбетовтердің оқулықтары мен әр кезеңнің археолог 
мамандары (М.Е. Елеуов, Ж.Қ. Құрманқұлов, З.С. Самашев, В.Ф. Зайберт, В.В. 
Ворфоломеев, А.З. Бейсенов, т.б.) дайындаған ғылыми еңбектерден алынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет