("Сібірдің сызба кітабы") атты еңбек жарық көрді. Онда географиялық
деректермен қатар, Еуразия сахарасының археологиялық ескерткіштері
туралы
мәліметтер жинақталған. Сібірді игеру мақсатымен жүрген Ресейлік
шонжарлар мен жергілікті әкімдердің патшаға сыйға берген көне дүниелерінен
құралған заттар кейіннен Петрдің «Сібірлік коллекциясы» деген ғылыми атқа ие
болды. Негізінен сақ-скиф дәуірінің өнер туындыларынан тұратын асыл
металлдардан жасалған бұйымдар бұл күнде Шығыс Еуразия тарихының
теңдесі жоқ мұрасы саналады.
Осы күнгі мағынасындағы археология ғылымы
ресей жерінде ХІХ ғасырда
қалыптаса бастады. Археология адамдардың ежелгі заманнан бастап орта
ғасырларға дейінгі іс-әрекетіне қатысты заттарды қазып алып, оларды
зерттеумен айналысады. Әлемдік ғылымдардың құрамдас бір
бөлігі саналатын
археологияның дамуы сол кездегі Ресейдегі қоғамдық ойдың дамуымен
байланысты дамыды. Ол кезде Украйна, Беларуссия,
Малдовадан бастап,
Кавказдың көпшілік бөлігі, Қазақстан мен Сібір, сонау Қиыр Шығысқа дейін
Ресейдің билігінде болатын. Осы айтылған ұлан-ғайыр
жерлерді зерттеуге
бағытталған археология жеке дара емес әр дәуірдегі қоғамдық сұранысы пен
саяси жүйеге байланысты дамыды.
Ресей археологиясының дамуын уақыты ғана емес, әдістемелік бағыты мен
ғылыми зерттеу тәсілі, мәліметтерді алу жолдары және тарихи қалпына келтіру
мақсаттары жағынан бір-бірінен ерекшеленетін
бірнеше кезеңдерге бөлуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: