Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет39/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

триалет 
мәдениетi деген атқа ие болған. Көлденеңiнен қимасы 100 
метрге дейiн жететiн үлкен обалары жақсы зерттелген. Жерлеу ғұрпы тұрақсыз: 
өлген кiсiнiң денесiн жерлеумен қатар өртеп күлiн көму дәстүрлерi қатар 
кездеседi. Үлкен оба үйiндiсiнiң астында аумағы 175 шаршы метрге
дейiн жететiн “жерлеу сарайлары” да ұшырасады. Жерлеу заттарының iшiнде 
көбі қара және қоңыр түстi сыртында қара бояумен салған өрнектерi бар үлкен 
құмыралар, металдан жасалған қазандар, қарулар, күмiс пен алтыннан жасалған 
әшекей бұйымдар.
Обалардың бiрiнен өрнектелген 24 қыш ыдыс пен мыс қазаннан басқа 
сыртында аң аулау көрiнiсi бейнеленген күмiс шелек, бас жағы алтыннан күмiс 
түйреуiштер, сердоликтен көздер салынған алтын кубок табылды. Оның сыртын 
өрiлген алтын сымдар мен алтын түйiршiктер жапсырылған өрнектер безендiрiп 
тұр. Кубоктiң iшiне кесек янтарь салынған. 
Басқа бір обадан сыртына екі қатар бедерлі сурет салынған күміс кубок 
шыққан. Жоғарғы белдемшеде тақта отырған құдайға салтанат көрсетіп жатқан 
23 кісі, астыңғы белдемшеде бұғылардың тізбегі бейнеленген. 
Өрнектің стилі хеттік өнермен ұштасады. Осы және басқа бұйымдар триалет 
мәдениетінің Алдыңғы және Кіші Азиямен байланысын анық көрсетеді.
Триалет обаларындағы алтын заттар мен асыл бұйымдар мол қойылған 
жерлеулер ру көсемдерiне тиесілі екендiгiн білдіріп, оларда әлеуметтiк және 
мүлiктiк теңсiздiктiң тереңдей бастағандығын аңғартады. 
МЕРЗІМДЕЛУІ 
Анау III, Намазга IV – б.з.д. ХХIV – Х VII ғасырлар аралығы. 
Тазабагъяб мәдениетi – б.з.д. ХХ – Х V ғасырлар аралығы. 
Майкоп мәдениетi – б.з.д. 3 – 2 мыңжылдықтар аралығы. 
Солтүстiк Кавказ мәдениетi – б.з.д. ХІХ – ХШ ғасырлар аралығы. 
Триалета мәдениетi – б.з.д. ХХ – ХV ғасырлар аралығы. 
Намазга Ү, Намазга ҮI – б.з.д. ХҮII – ХI ғасырлар аралығы. 
Кобан мәдениетi – б.з.д. ХІ – VІІ ғасырлар аралығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет