Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет40/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

 Әдебиеттер 
 
Аскаров А.А., Абдуллаев Б.Н. Джаркутан (к проблеме протогородской цивилизации на юге 
Узбекистана). – Ташкент, 1983. 
Асланов Г.А., Ваидов Р.М., Ионе Г.И. Древний Мингечаур (эпоха энеолита и бронзы). – Баку, 
1959. 
Гаджиев М.Г. Из истории культуры Дагестана в эпоху бронзы. – Махачкала, 1969. 


История народов Северного Кавказа с древнейших времен до конца Х
VІІІ
в. – М., 1988. 
Крупнов Е.И. Древняя история Северного Кавказа. – М., 1960. 
Кузьмина Е.А. Металлические изделия энеолита и бронзового века в Средней Азии. – М., 
1966. 
Кушнарева К.Х. Эпоха бронзы Кавказа и Средней Азии // Археология СССР. – М., 1994. 
Масон В.М. Первые цивилизации. – Л., 1989. 
Мунчаев Р.М. Кавказ на заре бронзового века. – М., 1975. 
Пиотровский Б.Б. Археология Закавказья. – Л., 1949. 
Пицхелаури К.Н. Восточная Грузия в конце бронзового века. - Тбилиси, 1979. 
 
Шығыс Еуразияның далалық аймағындағы қола ғасыры 
 
Жер бетіндегі адам санының өсуі мен олардың үлкен аймаққа таралуы 
өндіруші шаруашылықтың жаңа нысандарының қалыптасуына әсер етті. Бір 
қатар аудандарда бақташылық шаруашылықтың негізгі түріне айналды. Бұл 
егіншілікке аса қолайлы емес таулы, шөлейтті және далалы аймақтарда мүмкін 
болды. Мал басының өсуі жер отының таусылуы мен жыл маусымының 
ыңғайына қарай бақташылардың қоныс аударып отыруын қажет етті. Мұны 
кейінірек қалыптасқан көшпелі мал шаруашылығының алғашқы нышаны деуге 
болады.
Шығыс Еуразияның далалық аймақтарының қолағасырлық мәденитерiнiң 
iшiнде артында жарқын ескерткіштер қалдырған - 
ежелгi шұңқыр
(
древнеяма),

катакомба
және 
қима 
(срубная)
 
мәдениеттерi. 
Оңтүстiк Урал аймағынан Балкан-Дунай аудандарын алып жатқан 
территорияда б.з.д. 3 – мыңжылдықтың ортасы мен 2-мыңжылдықта 
древнеяма
мәдениетi қалыптасты. Бұл мәдениеттiң өкiлдерi өздерiнiң марқұм болған 
руластарын қарапайым жер шұңқырларға жерлеу ғұрпын ұстанғандықтан 
ғылымда ежелгi шұңқыр мәдениетi өкiлдерi деген шартты атауға ие болған. Ол 
б.з.д. 4 – 3-мыңжылдықтарда осы маңда болған ортастогов (среднестогов) 
мәдениетi негiзiнде қалыптасты. Өлген кiсiнi шұңқыр қабiрге шалқасынан, екi 
тiзесiн жоғар қарай бүгiп, басын шығысқа қаратып жерлеген. Жерлеу заттары 
өте кедей: шақпақ тастан жасалған жебенiң ұштары, қырғыштар, пышақтар, 
сүйектен жасалған гарпундар, iлгектер, бiздер, түйреуiштер, моншақтар. Мыс 
өте аз кездеседi, одан пышақ пен бiздер жасаған. Ыдыстары жұмыр және тегiс 
түптi болып келедi. Олардың өрнектерi тарақ тәрiздес затпен немесе басына 
жiптен бау Уралған (шнур) шыбықпен салынған. Бұндай өрнектердi кейде 
баулы (шнуровы) өрнек дейтiнi де содан.
Археологиялық зерттеу қортындылары ежелгі шұңқыр мәдени-тарихи 
қауымдастығының ертедегі нұсқасы болып, осы өңірді мекендеген Еділ-Урал 
тайпалары саналатындығын көрсетті. Ал, оның өзі хвалын тайпаларының 
жалғасы саналады. Шұңқыр мәдениеті өкілдерінің мекендедері өте сирек 
кездеседі. Олар – көбіне бақташылардың уақытша тұрақтары. Мәдениет 


таралған аймақтың шығыс аудандарында көрші егінші тайпалармен байланысқа 
түскен шұңқыр мәдениетінің өкілдері біртіндеп, тұрақты қоныс теуіп, егінші-
мал шаруашылығын қатар жүргізе бастады. Төменгi Днепрдегi Михайловскi 
қонысы осылай пайда болған еді. Өзеннің биік мүйісінде орналасқан бұл 
қоныстың аумағы аса үлкен емес. Ол айналадағы жазықтан табиғи ормен 
бөлінген.
Үйлерінің құрылымы өте нашар сақталған. Қазбадан тас пен сүйектен 
жасалған бұйымдар табылған. Мыс бұйымдардан төрт біз ғана кездескен. 
Сырттан әкелген, типольдық ыдыстар да ұшырасады. Мәдениеттің кейінгі
б.з.д. ІІІ-мыңжылдық соңы мен ІІ-мыңжылдықтағы қоныстары үлкен, кейде 
қорғаныс құрылыстарымен ерекшеленеді. Михайловскі қонысының қорғаныс 
құрылысы үш метрлік тас қабырға мен ордан тұрады. Үйлері негізі тастан 
қаланған балшық үйлер, кейде жартылай жертөлелер де кездеседі. Мыс 
бұйымдар едәуір көбейген, біз, пышақ, қашау, шот секілді 26 зат. 
Үй жануарларының сүйектерінен қой мен сиырдікі басым. Жылқының 
сүйектері едәуір аз кездеседі. Осы дәуірдің жерлеулерінің бірінен табылған арба 
жануарларды күш көлігі ретінде пайдаланғанын, қазбадан табылған кетпен, дән 
үгіткіш, орақтың тістері егіншіліктің екінші кезекте болғанын білдіреді. 
Ежелгі шұңқыр мәдениетiнің келешек дамуы б.з.д. 2-мыңжылдықта оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет