Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Шығыс Еуразияның орманды аймағының қола ғасыры



Pdf көрінісі
бет48/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Шығыс Еуразияның орманды аймағының қола ғасыры 
 
Шығыс Еуразияның орманды аймағын қола ғасырында мекендеген тайпалар 
негізіне неолиттік тұрмыстық дәстүрді сақтаған. Оған басты себеп егіншілік пен 
бақташылықтың дамуына қолайсыз қатаң табиғат пен түсті металл қорының бұл 
өңірде тапшылығы болатын. Дегенмен, өндіруші шаруашылықтың дамуы баяу 
да болса жүріп жатты. Негізгі еңбек құралы тас болып қала берді. Шақпақ 
тастан басқа, тастың еңбек құралдарын жасауға сапалы түрлері меңгерілді. 
Орманды өңірлерде еңбек құралдарын жасайтын тастарды жердің астынан 
қазып алған үлкен шахталар зерттелген.
Қола ғасырының басында Еуропаның бүкіл аймақтарында баулы керамика, 
басқаша айтқанда, соғыс балталары мәдениеті кеңінен таралды. Алғашқы атау 
керамикалық ыдыстардың өрнегінің түрінен, екіншісі – ұңғысы бұрғыланып 
тесілген қайқы формадағы тас балталардан алынған.


Б.з.д. ІІІ – мыңжыл. соңы мен ІІ – мыңжыл. Орманды аймақтың батыс 
бөлігінде О
ртаднепр, Шығыс-Прибалтика
мәдениеттері дәурен құрды. Олар 
сол маңды мекендеген неолиттік тайпалардың даму негізінде қалыптасқан. 
Зерттеу нәтижелері осы мәдениеттердің шаруашылығында бақташылық 
жетекші орын алғандығын көрсетеді. Қолда ұстаған негізгі түлік түрлері қой, 
шошқа, жылқы және сиыр болған. Сонымен қатар аңшылық пен егіншіліктің 
өзіндік орын алғандығы анықталған. 
Еуразия аймағында бірнеше соғыс балталары мәдениеті белгілі. Олар 
бақташылық пен металургияны жақсы меңгергендігімен ерекшеленеді. 
Солардың өкілі О
ртаднепр 
мәдениеті (б.з.д. ІІІ – мың. ортасы мен ІІ мың.) 
өзінің тамырын ежелгі шұңқыр тайпаларынан алады. Ортаднепр қауымдастығы 
дамуының едәуір кейінгі сатыда трипольдықтардың біршама ықпалы 
болғанымен, жергілікті неолиттік мәдениеттің үлесі тарихи сабақтастығын 
тапқан. Ортаднепр
 
мәдениетінің таралу аймағы Днепрдің бойында Черкастан 
Могилеваға, көлденеңінен Брянскі мен Мозырға дейінгі аралықты қамтиды. 
Мәдениеттің қоныстары аз зерттелген. Әдетте, аса үлкен емес мекенжайлар 
өзендердің жағалауындағы құмды төбелерде немесе биік мүйістерде 
орналасады. Баспаналары жердің бетіне салынған лашықтар түрінде, еңбек 
құралдарының басым көпшілігі тастан жасалған. Мәдениетке қатысты 
материалдар негізінен жерлеу ескерткіштерінен алынған. Жерлеу заттарын 
топтастырып, жан-жақты зерттеу ортаднепр
 
мәдениеті өкілдері егіншілікті 
білгендігі, бірақ оларда бақташылық басым болғанын аңғартады. Олар 
қой,шошқа, жылқы жән іріқара өсірген. Осы малдардың сүйек қалдықтары 
қоныстар мен жерлеулерде қатар кездеседі. 
Б. з. д. 2-мыңжылдықтың басында оңтүстiк-батыстан енген тұрғындардың 
негiзiнде Ока мен Едiлдiң жоғарғы ағысында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет