Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет60/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Чертомлык
ХІХ ғасырда қазылған. Оның биiктiгi 20 м-ден астам, айнала ұзындығы 350 м. 
Қорғанның астынан екi кiсiнiң қабiрi мен өзi қазған қуыстан құлаған топырақ 
басып, өлген скиф – тонаушының сүйегi табылды. Көсемнiң жанына, жеке 
қабiрге оың жұбайы, күтушiлерi мен он бiр ат жерленген. Қабiрге қойылған 
тұрмыстық заттар мен әшекей бұйымдардың iшiнде әсем бедерлi суреттермен 
безендiрiлген, биiктiгi бiр метрге жуық шарап құюға арналған үлкен күмiс 
ыдыс ерекше құнды. Оның астыңғы жағында орналасқан шүмегi арыстанның 
басы түрiнде жасалған, денесiнде құстар мен өсiмдiктер салынған, жоғарғы 
жағында жылқыны үйретiп жатқан скиф бейнеленген. Тонаушылардан аман 
қалған тағы бiр зат – құпия қуысқа қойылған жебенiң құтысының алтын 
қаптамасы. Оның сыртында Ахилланың өмiрiнен бiр көрiнiс суреттелген. 
Көсемнiң қарушысы жерленген көршi қабiрден алтынмен апталған қымбат қару 
шықты.
Толстая Могила
деп аталған патша обасы Чертомлықтан 10 шақырым 
жерде орналасқан. Сол заманның өзiнде тоналғанына қарамастан обадан алтын 
бұйымдардан тұратын қымбат заттар табылды. Олардың iшiндегi алтын қынды 
семсер мен пектораль (латын тiлiнен аударғанда пекторалис – алқа деген ұғым 
бередi) керемет туынды. Семсердiң қынында қораздар төбелесi, бұгыны 
жұлмалап жатқан грифон, арыстан мен грифонның арбауына түскен ат, бұғыны 
алып жатқан қабылан және арыстан мен қабыланның жекпе-жегi бейнеленген. 
Бұл бейнелер ұсақ-түйегiне дейiн назардан тыс қалмай мұқят дәлдiкпен 
жасалған. Осы суреттердiң Чертамлықтан табылған заттардағы бейнелермен 
соншалықты ұқсастығы оларды бiр қолдан шыққан өнер туындылары емес пе, 
деген ой туғызады.
Осы күнде гректердiң белгiлi зергерлiк өнер туындыларының iшiндегi 
кереметi – Толстая Могила обасынан табылған пектораль. Оның салмағы 1 кг-


нан астам, диаметрi 30 см. Ондағы бейнелер әрқайсысының арасы өрiлген 
алтын сымдармен бөлiнген үш белдеуден тұрады. Жоғарғы (iшкi) белдеуде 
скифтердiң тұрмысынан көрiнiс берiлген. Оның қақ ортасында жалаңаш екi 
еркек терiден киiм тiгiп отыр, Олардың екi шетiнде жылқы құлынымен және 
сиыр бұзауымен орналасқан, ал шет жақтарында ұшып бара жатқан құстардың 
композициясы берiлген. Әрбiр бейне жеке құйылып алынып, алтын орамдардың 
арасына дәнекерленган. Ортаңғы белдеу тұтас алтын жапырақтардан жасалған 
өсiмдiк өрнегiнен тұрады. 
Төменгi белдеу жануарлардың айқасымен толтырылған. Онда бейнелер 
композициясы ортадан неғұрлым ұзаған сайын кiшiрейе бередi. Үлгiлердiң 
саны мен орындалу шеберлiгi жағынан пекторальдiң теңдесi жоқ.
Қабiрге ерлi-зайыпты баласымен олардың күтушiлерi жерленіп, жанына
жылқылар қойылған. Мұнда құрбандыққа шалынған күтушiлер саны 
Чертомлықта жерленгендерден екi есе көп. 
Никопольдің маңындағы Солоха патша обасын ХХ ғ. басында Н.И. 
Веселовский қазды. Обаның астында екі жерлеу шұңқыры болған: олардың 
ортадағысы кезінде тоналған, бір бүйіріндегісі аман қалған. Қабірлер құдық 
тәрізді қазылған. Қабірлердің біріне бес ат, ат бағарымен бірге қойылған. 
Көсемнің қабірінен геометриялық нақышта және аңдар бейнесіндегі көптеген 
алтын пластинкалар табылған. Олар көсемнің киіміне немесе үстінен жапқан 
жамылғыға тігілген болса керек. Марқұмның жанына аңдардың бейнесі 
салынған алтынмен апталған қынға салынған семсер қойылған. Марқұмның оң 
қолына кигізілген алтын білезіктің екі басына арыстанның бастары салынған. 
Басында алтын шашақты қола дулыға. Оның жанында биліктің белгісі саналған 
түйреуіш пен алты күміс ыдыс қойылған. Қабір қабырғасының түбінде сауыт 
кигізілген қаңқа жатыр. Оның қасынан қанжар мен жебенің ұштары табылды, 
Шамасы бұл көсемнің қару алып жүретін көмекшісінің қаңқасы болуы мүмкін. 
Қабірдің ауыз жағынан табылған жасөспірімнің қаңқасы қызметкердікі болса 
керек. Бір шетінен арнайы қазылған шұңқырға қойылған үш қола қазандарда 
жылқының, сиырдың, қойдың сүйектері бөлек-бөлек сақталған. Олардың 
қасына үлкен мыс табақ, шарап сүзген сүзгіш және ағаш ыдыстың сыртына 
қапталған күміс қаптама қойылған. Шарап пен май құйылған гректік анфУралар 
екінші қуысқа қойылған. Қабірден шыққан көптеген заттардың ішіндегі ерекше 
қызығушылық танытқаны – үстінгі жағына салт аттының екі жаяу жауынгермен 
айқасу көрінісі бейнеленген алтын тарақ.
Қазба кезiнде анықталған жерлеу ғұрпы, Геродот жазып, қалдырған 
деректермен дәл келедi. Оның жазғанында өлген көсемнiң денесiн балауызбен 
майлап, тайпаларды аралатып шығады. Сосын оны алдын ала даярланған төрт 
бұрышты қабiрдiң iшiне төселген төсенiштiң үстiне жатқызады. Қабiрдiң қалған 
бос бөлiктерiне алдын ала тұншықтырып өлтiрiлген күңiнiң, шарапшысының, 
аспазының, атбағарының, күтушiсiнiң денелерi мен асыл тұқымды малдар және 
алтын ыдыстар қойылған. Содан кейiн барып үстiнен биiк етiп оба үйiлген.


Үлкен қорғандардың материалдары скиф ақсүйектерiнiң тұрмысы мен 
олардың қоғамдық құрылысын көз алдыңа елестетуге мүмкiндiк бередi. Бiрак 
ақсүйектердiң обалары қарапайым скифтердiң өмiрiн ашып көрсете алмайды. 
Қатардағы адамдардың тұрмыс – тiршiлiгi жайлы мол мәлiмет берген 
скифтердiң қарапайым қабiрлерi мен қоныстарында жүргiзiлген қазбалар.
Скифтерден қалған қалашықтардың iшiндегi ең жақсы зерттелгендерiнiң бiрi 
– Днепрдiң жағалауында орналасқан 
Каменск
қалашығы. 12 км кв. жердi алып 
жатқан қалашықтың сырты биiктiгi мен енi 11 метр келетiн дуалмен қоршалып, 
сыртынан оны қоршаған терең ор қазылған. Қорғаныс қамалының iшiнде 
орналасқан акропьден скиф iшiнде пешi бар ақсүйектерiнiң үйлерiнiң орны 
ашылды. Қарапайым қол өнершiлер тұрған бөлiгiнiң құрылыстары тiптi 
басқаша. Мұндағы үй құрылыстарның екi (жер бетiндегi және жертөле) түрi 
белгiлi. Жер бетiне салынған үйшiктер екi немесе үш бөлмеден тұрды. Олар 
тiгiнен орнатылған бағаналардың арасы тоқылған қабырғалардан салынды. Ал 
жертөлелердiң арасы қатар тұрғызылған ағаш тiреулермен бөлiнген. Олардың 
кейбiреулерiнен балшықтан соғылған ошақ табылған. Осындай үйшiктердiң 
қосалқы бөлмелерi шеберхана және шаруашылық қажетi үшiн пайдаланылған. 
Төрт - бес үйдi қоршай салынған шарбақтар бiр өндiрiстiк кешенге бiрнеше 
туысқан жанұялардың бiрiккендiгiн бiлдiрсе керек. Каменск қалашығы 
тұрғындары көптеген тұрмыстық заттар мен қол өнерi бұйымдарын қалдырған. 
Қалашықтың тұрғындарының басым көпшiлiгi металл өңдеумен шұғылданса 
керек. Оның территориясында металл қорытпалары мен құралдардың 
қалдықтары, ұста құралдары өте көп кездеседi. Скифтер металды балшықтан 
соғылған арнайы пештерде, тұлғасы цилиндр тәрiздес биiк тигилге (жоғары 
қызуға төзiмдi металл балқытуға арналған ыдыс) салып балқытқан. Қазбадан 
балға, төс, кескiш, қысқыш, жонғыш, ұршықтың басы, ине секiлдi қолөнерi 
кәсiбi құралдары табылды. 
Скифтердiң қарулары да көп кездеседi. Олардың акинак атты темiрден 
жасалған қысқа қанжарлары мен қоладан жасалған жебенiң ұштары жақсы 
таныс. Қазба материалдары скифтердiң тоқылған мата мен терiден киім тiгуде 
де жоғары жетiстiктерге жеткендiгiн бiлдiредi. Қалашықтан ағаш сапты темiр 
орақ, дән үгiткiш секiлдi егiншiлiк құралдары да шыққан. 
Сонымен, скифтердiң қарапайым қабiрлерi мен қоныстарында жүргiзiлген 
археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесi олардың шаруашылығы мен 
тұрмыс тiршiлiгiнен хабар беретiн мол материалдар бердi. Ал көсемдерiнiң 
обаларынан алынған әртүрлi қару үлгiлерi мен асыл металдан жасалған 
ыдыстар, олардың сыртына салынған көрiнiстер мен “аң стилi” деген атқа ие 
болған нақыштары, әшекей бұйымдары мен зергерлiк заттары скифтердiң 
әскери ұйымдарынан, өнерiнен, рухани және материалдық мәдениетiнен, 
дүниетанымдары мен наным-сенiмдерiнен теңдесi жоқ түсiнiк бiлдiредi. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет